06.06.2006, 14:48 2989

Батыс Қазақстан облысында республикалық трансферттердің тең жартысынан астамы игерілмей қалуда

ОРАЛ. 6-маусым. Kazakhstan Today. Батыс Қазақстан облысында республикалық трансферттердің тең жартысынан астамы игерілмей қалуда. Бұл туралы әкімшілікте өткен кеңесте Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрғали Ишімов мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Мұндай жағдай Орал мен бірқатар аудандарда коммуналдық тұрғын үйлерді салуға бағытталған тендерлердің дер кезінде жүргізілмеуіне байланысты, деді әкім.
Облыстық бюджет қаржысы да толық көлемде игерілмей отыр.

Бюджет қаржысының дер кезінде игерілмеу себептерін облыс басшысы бюджеттік жоспарлаудағы қателіктермен, бюджеттік бағдарламалардың әкімшіліктерінің баяулығымен байланыстырады. Шығындарды қаржыландыруда басымдықтар сақталмай отыр, деді ол.

Н.Ишімов осы орайда бөлінген қаржының бірінші кезекте білім беру, денсаулық сақтау, су қамтамсыздығын дамыту мен тұрғын үй құрылысына бағытталуы тиіс екенін ескертті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны