08.06.2015, 10:35 4104

Батыс Қазақстан облысында түзету мекемесініӊ бастығы сотталды

Орал қалалық соты түзету мекемесініӊ бастығына қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі жариялады.

Орал. 08 Маусым. Kazakhstan Today - Орал қалалық соты түзету мекемесініӊ бастығына қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі жариялады.

БҚО бойынша қылмыстық атқару департаментініӊ РУ-170/2 мекемесініӊ бастығы Д.Т.Габдушев мекемеде 2014 жылдыӊ соӊында өткен тексеріс барысында анықталған 384 745 теӊге мөлшеріндегі қаржылық жетіспеушілікті өтеу қажет деген сылтаумен қарамағындағы қызметкерлерден заӊсыз ақша жинауды ұйымдастырған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Габдушев жеке құрамнан жиналған жалпы соманыӊ 384 745 теӊгесін тексеру кезінде анықталған қыржылық жетіспеушіліктіӊ орнын толтырып, ал қалған 159 856 теӊгені өз пайдасына жаратқан.

Орал қалалық сотыныӊ үкімімен Д.Т.Габдушев ҚР ҚК-ніӊ 308 б. 4б. "в" т., 24б. 3б. - 177б. 3б. "г"т. (1997 жылғы редакцияда) айыпты деп танылып, оған ҚР ҚК-ніӊ 58б. 3б. қолданумен, мүлкін тәркілеумен түпкілікті 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, 2 жылға мемлекеттік қызметте жұмыс жасау құқығынан айырылды.

Сонымен қатар, Габдушев "әділет подполковнигі" арнайы шенінен айырылды.

Батыс Қазақстан облыстық сотыныӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны