26.05.2010, 11:38 2399

Батыс Қазақстан облысында зейнеткерлерді алдаған бір ер азаматқа қоғамдық жұмыстар атқару жазасы берілді

Батыс Қазақстан облысында зейнеткерлерді алдаған бір ер азаматқа қоғамдық жұмыстар атқару жазасы берілді

Алматы. 26 мамыр. Kazakhstan Today - Батыс Қазақстан облысының Жәнібек аудандық прокуратурасы сот актілерінің атқарылуын тексеру барысында соттың шешімін орындаудан жалтарып келген Б. Ниязалиевке қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап.

Бұл азамат Атырауда сатамын деп төрт зейнеткерден малдарын алып, ақшасын төлемеген. Сол арқылы ол зейнеткерлерге 1 млн астам теңгенің шығынын келтірген. Бұдан кейін Б. Ниязалиев соттың шешімін орындамай қашып жүрген, оған бірнеше мәрте іздеу жарияланған.

Жәнібек аудандық соты Б. Ниязалиевті айыпты деп тауып, 180 сағат қоғамдық жұмыстар атқару жазасын жүктеді. Одан жәбірленушілердің пайдасына 230 мың теңге өндіріп алынды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны