18.04.2007, 14:54 3466

Батыс Қазақстан облысында жалған оралман атын жамылғандарға 1 млн теңге бюджеттік қаржы бөлінген

АСТАНА. 18 - сәуір. Kazakhstan Today. Батыс Қазақстан облысында жалған оралман атын жамылғандарға тұрғын үй сатып алуға және жәрдемақы ретінде 1 млн теңге көлімендегі бюджеттік қаржы бөлінген. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасыны Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінен хабарлада.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Батыс Қазақстан облысының көші-қон комитеті басқармасының іс-қызметін тексеру барысында қаржы бақылау және мемлекеттік сатып алу басқармасы Ресей азаматы мен Өзбекстан азаматшасына оралман мәртебесінің негізсіз берілу дерегін анықтады. Арнайы қызметтің мәліметтеріне сүйенсек, көшіп келушілерге оралман мәртебесін беруге байланысты оларға тұрғын үй сатып алуға және жәрдемақы ретінде 1 102 100 теңге көлемінде ақша-қаражат бөлінген.

Батыс Қазақстан облысының Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің тергеу бөлімі облыстық көші-қон комитеті басқармасының лауазымды тұлғаларының үстінен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 316-бабының 1-тармағы бойынша (немқұрайдылық) қылмыстық іс қозғады. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны