25.12.2013, 21:35 2826

Батыс Қазақстан облысында "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасы бойынша 5 тұрғын үй қолданысқа берілді

Аудан әкімінің орынбасары Бисенғали Хайруллин тұрғындарды қоныс тойымен құттықтап, жаңа жылда жаңа табыстар тіледі. Сонымен қатар ол бұл отбасылардың барлық мүшесін мемлекеттік бағдарламаның талаптарына сәйкес жұмыспен қамтуға уәде етті.

Алматы. 25 желтоқсан. Kazakhstan today. Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданының орталығында "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасының үшінші бағытын іске асыру аясында 5 үй қолданысқа берілді, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

" Жұлдыз ауылынан келген төрт отбасы және Хайруш елді мекенінде тұратын бір отбасы жаңа үйлердің кілтін алды", - делінген хабарламада.

Аудан әкімінің орынбасары Бисенғали Хайруллин тұрғындарды қоныс тойымен құттықтап, жаңа жылда жаңа табыстар тіледі. Сонымен қатар ол бұл отбасылардың барлық мүшесін мемлекеттік бағдарламаның талаптарына сәйкес жұмыспен қамтуға уәде етті.

Айта кетейік, биылғы жылы БҚО-да "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасы бойынша 7 елді мекенде 30 үй пайдалануға берілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны