21.01.2019, 21:00 5700

Батыс Қазақстан облысындағы "Сырым" өткізу пунктінде ауа райыныӊ нашарлауына байланысты автокөләктердіӊ кезегі түзілген

Ресей Федерациясымен Батыс Қазақстан облысындағы шекарада орналасқан "Сырым" халықаралық автомобиль өткізу пунктінде автомашиналар кезегі 2019 жылғы 12 және 13 қаӊтардағы ауа райыныӊ нашарлауына (қатты бұрқасын, көк тайғақ) және Орал-Самара республикалық маӊызы бар автожолыныӊ барлық автокөлік түрлері үшін қозғалысыныӊ жабылуына байланысты орын алған.

Астана. 21 қаӊтар. Kazakhstan Today - "Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасыныӊ Заӊына және ЕАЭО кедендік аумағына тауарларды әкелудіӊ және айналымныӊ кейбір мәселелері туралы хаттамаға сәйкес ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 2019 жылғы 19 қаӊтарда ЕАЭО мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасыныӊ Мемлекеттік шекарасындағы 37 автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік кірістер органдарыныӊ экспорттық бақылау бойынша бөлімшесін ұйымдастырды.

Мемлекеттік кірістер органдары мынадай:

1. экспорттық бақылауға жататын (қару-жарақ, әскери техника, ядролық және арнаулы ядролық емес материалдар, әскери мақсаттағы өнімдер, қосарлы мақсаттағы тауарлар мен технологиялар);

2. ҚР-дыӊ ДКҰ-на кіруіне байланысты кедендік әкелу баждарыныӊ төмендетілген мөлшерлемелері қолданылатын үшінші елдерден Қазақстан Республикасыныӊ аумағына бұдан бұрын әкелінген (тізбеден тауарлар);

3. өзара сауда шеӊберінде ЕАЭО мүше мемлекеттердіӊ аумағынан импортталатын (импортқа ҚҚС) тауарлар бойынша мониторингі жүзеге асырады.

Бұл мониторинг ҚР ҰҚК Шекара қызметіне мемлекеттік кірістер органдарыныӊ лауазымды адамдары ұсынған жүктерге (тауарларға) арналған құжаттардыӊ бірін сканерлеу арқылы жүргізіледі (ҚР ҚМ МКК 2018 жылғы 31 мамырдағы №221 және ҚР ҰҚК ШҚ 2018 жылғы 6 маусымдағы №405-па "ҚР ҚМ МКК мен ҚР ҰҚК ШҚ РФ-мен және Қырғыз Республикасымен Қазақстан Республикасыныӊ Мемлекеттік шекарасында бақылауды жүзеге асыру кезіндегі өзара іс-қимыл тәртібін бекіту туралы" Бірлескен бұйрығы).

Мониторингті орындау кезінде мемлекеттік кірістер органдарыныӊ лауазымды адамдары тауарларды жете тексеруді/қарап тексеруді жүргізбейді.

Ресей Федерациясымен Батыс Қазақстан облысындағы шекарада орналасқан "Сырым" халықаралық автомобиль өткізу пунктінде автомашиналар кезегі 2019 жылғы 12 және 13 қаӊтардағы ауа райыныӊ нашарлауына (қатты бұрқасын, көк тайғақ) және Орал-Самара республикалық маӊызы бар автожолыныӊ барлық автокөлік түрлері үшін қозғалысыныӊ жабылуына байланысты орын алған.

"Сырым" өткізу пунктінде қазақстан тарапында үлкен жүк автокөлік құралдары жинақталуыныӊ туындауы туралы ақпараттарға байланысты 18.01.2019 жылғы сағат 17.00 жағдай бойынша БҚО бойынша МКД ауысым қызметкерлерін 3-тен 4-ке және 1 бірлік сканерлейтін техникаға көбейтті.

18.01.2019 жылғы сағат 19.00-ден бастап 19.01.2019 жылғы сағат 07.00-ге дейінгі кезеӊде 311 үлкен жүк АКҚ тіркеу және мониторинг жүргізу жүзеге асырылды.

Мониторинг кезінде тауардыӊ ілеспе құжаттарын сканерлеу уақыты шоғырландырылған тасымалдау кезінде 3 минуттан 5 минутқа дейін уақыт алады.

"20.01.2019 жылғы жағдай бойынша "Сырым" өткізу пунктінде автокөлік құралдарыныӊ жинақталуы байқалмайды",- деп хабарлайды ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетініӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны