08.11.2007, 17:14 2766

Батыс Қазақстан облысындағы жолдардың небәрі 13 - 14 пайызы ғана асфальтталған

Батыс Қазақстан облысындағы жолдардың небәрі 13 - 14 пайызы ғана асфальтталған

Орал. 8-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Батыс Қазақстан облысындағы жолдардың небәрі 13 - 14 пайызы ғана асфальтталған. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов Оралда, 7-қарашада көлік және коммуникация министрі Серік Ахметовтың қатысуымен өткен отырыс барысында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Облыс әкімі сондай-ақ, 12 аудан орталықтарының тек алтауы ғана облыс орталықтарына дейін асфальтталған жолмен қосылған. Оның айтуынша, Бөкейорда және Жәнібек сияқты ең алыс аудандардың күзгі және көктемгі аласапырандарда байланыссыз қалу қаупі бар.

Сонымен қатар, облыстың 496 елдімекенінің тек 62-сінің жолдарына ғана асфальт төселген. Үстіміздегі жылы облыстық бюджеттен көлік жолдарын жөндеуге 2,5 млрд теңге қарастырылған. Сондай-ақ, республикалық маңызы бар жолдарды жаңалауға үстіміздегі жылы 3 млрд астам теңге бөлінген.

Қазақстан Республикасының көлік және комуникация министрі С. Ахметовтың хабарлауынша: "келесі жылы Батыс Қазақстан облысының тас жолдарын жаңалауға 2 млрд 300 млн теңге бөлінетін болады". Бұл қаржы Жәнібек - Қаратөбе, Ақсай - Шыңғырлау, Жаңғала - Сайхан авто желілірен жөндеуге жұмсалатын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны