22.06.2015, 20:24 3801

Батыс Қазақстан облысыныӊ құтқарушылары дабыл қағуда

Батыс Қазақстан облысыныӊ кей жерлерінде демалыс күндері 42? С қатты ыстық күтілу себебінен, облыс аумағында дауылды алдын алу жарияланған болатын.

Астана. 22 Маусым. Kazakhstan Today - Батыс Қазақстан облысыныӊ кей жерлерінде демалыс күндері 42? С қатты ыстық күтілу себебінен, облыс аумағында дауылды алдын алу жарияланған болатын. Су айдындарында жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментініӊ барлық бөлімшелерініӊ қызметкерлері қала тұрғындарыныӊ демалуға тыйым салынған әйгілі және сүйікті жерлеріне рейд өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ыстық күні шомылуға келгендерге салдары қайғылы болуы мүмкін. Сондықтан тұрғындардыӊ қауіпсіздігіне бей-жай қарамайтын жастар ұйымдарыныӊ өкілдері, еріктілер құтқарушылармен бірігіп қала тұрғындарыныӊ шомылу орындарына патрульдеуге шықты.

"Жабдықталмаған жағалаулар тек құтқару бекеттерініӊ болмауы себебінен қауіпті емес, сонымен қатар сүӊгуірлермен тексерілмеген су айдыныныӊ түбінде бетон сынықтары, металл құрылымдары, қиратылған әйнек болуы мүмкін. Еш нәрсені елеместен шомылушы суға секіріп, бетон және металл сынықтарына жарақаттанып қайтыс болады,- деп Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті ТЖ алдын алу бөлімініӊ бастығы Марс Отаров мәлімдеді.

Суда қаза болушылар - ол біздіӊ менталитетіміздіӊ нәтижесі. Адамдар мұндай қайғылы жағдайларға душар болмайтынына сеніп, тәуекелге барады.

Суда қаза болудыӊ тағы бір себебі ауа және су температурасыныӊ айырмашылығынан туындаған жүрек ақаулары. Биылғы жазда термометр көрсеткіші 40 градустан асады, ал кейбір көл және өзен сулары айтарлықтай суықтау.

Жүрек тоқталуыныӊ және судағы өлімніӊ басты себептері - тамырлардыӊ кенеттен жиырылуы болып табылады. Суға шомылушылармен қауіпті жерлерде тыйым салу белгілерін елемеу - жазатайым оқиғалардыӊ тағы бір себебі болып табылады.

- Көпшілігінде суда шомылу мәдениеті жоқ. Оны жүзуге үйретумен бірге - жастайынан бастап оқыту қажет. Қалада баланы бассейнге беру мүмкіндігі болса, ауылдарда оны армандау қажет емес. Адамдар жасақталмаған жағалауларда суға батқан соӊ ескеріледі. Бұныӊ барлығы қарапайым салғырттықтыӊ нәтижесі, - деп атап өтті Марс Отаров.

Алайда құтқарушылар қала тұрғындарына тек жасақталған жерлерде суға шомылу қажет екендігін еске салуда. Жасақталған жағалаулардыӊ су жағдайы эпидемиологтердіӊ қадағалауында, ал еӊ бастысы судан шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсете алатын құтқарушыныӊ кезекшілікте болады.

Батыс Қазақстан облысы ТЖ департаментініӊ Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны