27.09.2007, 13:00 2942

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы сауда саласында көптеген заң бұзушылықтарды анықтады

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы сауда саласында көптеген заң бұзушылықтарды анықтады

Орал. 27 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы сауда саласында көптеген заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлады "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне қадағалау органынан.

Тексеру сатылып жатқан өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңның бұзылуын анықтау мақсатында жүргізілген. Азық-түлік өнімдерін, дәрі-дәрмек пен балалар ойыншықтарын сататын 200-ден астам нысан тексерілген.

Тексеру барысында жарамдылық мерзімі өтіп кеткен өнімдерді сату деректері анықталған. Атап айтқанда, "Орал-Конти" ЖШС сақтау мерзімі өтіп кеткен 3 тоннадан астам конфеттер мен печеньелерді өз қоймаларында сақтап, сатып келгендігі анықталды.

Сонымен қатар, тексеру шаруашылық субъектілері сақтау мерзімі өтіп кеткен, сәйкестік сертификаты жоқ және сәйкес лицензиясыз дәрі-дәрмектер сатып келгендігін анықтаған. Атап айтқанда, тексеру кезінде жеке кәсіпкер Мамаеваның дәріханасында 900 түрлі дәрі-дәрмектің лицензиясыз сатылу дерегі анықталды. Осы тектес заң бұзушылықтар "Машина времени" ЖШС тиесілі дәріханада да анықталған.

Қазіргі уақытта бұл тексеру материалдары экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментіне жіберілді.

Жалпы тексеру нәтижесі бойынша санитарлық-эпидемиологиялық ереже мен нормаларды бұзғаны үшін 60-тан астам шаруашылық субъектілері, сәйкестік сертификатынсыз азық-түлік өнімдерін сатқаны үшін 30 субъект әкімшілік жауапқа тартылды. Сонымен қатар, 10 нысанның іс-қызметі тоқтатылды. Прокуратураның мәліметтеріне сүйенсек, барлық заң бұзушыларға жалпы сомасы 1 млн теңгеден асып жығылатын айыппұл салынған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны