08.04.2008, 12:30 3534

Батыс Қазақстан облыстық экологтар KPO компаниясынан 2010 жылы өндірістік қалдықтарды көметін полигон ашуды талап етуде

Батыс Қазақстан облыстық экологтар KPO компаниясынан 2010 жылы өндірістік қалдықтарды көметін полигон ашуды талап етуде

Орал. 8 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Батыс Қазақстан облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы Karachaganak Petroleum Operating B. V. (KPO) компаниясынан 2010 жылдың бірінші жартысында Қарашығанақ кенішінде өндірістік қалдықтарды көметін полигон ашуды талап етуде. Бұл туралы агенттік тілшісіне қоршаған ортаны қорғау басқармасындағылар хабарлады.

Сонымен бірге, KPO компаниясына 2008-2010 жылдар аралығында КРО қалдықтарын пайдалы жарату кешенінде сұйық қалдықтар мен сұйық бұрғылау қалдықтарын тазарту қондырғысының жобасын жасап салу тапсырылды.

Экологиялық басқарма сонымен бірге Қарашығанақты игерушілерден 2010 жылы тұрмыстық және медициналық қалдықтарды жоғары температурада өртеу әдісімен залалсыздандыратын жалпы қолданыстағы пеш-инсинераторды іске қосуды талап етті.

Қоршаған ортаны қорғау басқармасындағылардың хабарлағанындай, KPO компаниясына жылу электр станцияларының қазандықтарында отын түрлерін жаққан кезде эмиссия нормативтерінің үлес салмағын бекітілген нормативтерге сәйкестендіру міндеттелді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны