06.09.2011, 10:02 3737

Батыс Қазақстанда 6-қыркүйек күні жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтілуде

Синоптиктердің мәліметтеріне сәйкес, Қазақстанның солтүстігінде күн ашық болады: Қостанай, Ақмола және Павлодар облыстарында ауа температурасы сәйкесінше, +28+33, +25+30 және+25+30ИС. Солтүстік Қазақстан облысында да жауын-шашынсыз, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, ауа температурасы+26+31ИС.

Алматы. 6-қыркүйек. Kazakhstan Today - Батыс Қазақстанда 6-қыркүйек күні жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазТаг ақпараттық агенттігінің "Қазгидромет" РМК сілтеме жасай отырып хабарлауынша, сейсенбі күні республиканың батысындағы ауа райын циклон мен онымен байланысты атмосфералық фронттар қалыптастырады. Осыған байланысты кей жерлерде аздап жаңбыр жауады, жел күшейеді, республиканың қалған бөлігінде жауын-шашынсыз болады деп күтілуде.

Сейсенбі күні Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын жаумайды, оңтүстік-шығыстан 5-10 метр/сек жылдамдықпен жел соғады, ауа температурасы +25+27ИС. Алматыда аздап бұлтты, жаңбыр жаумайды, 0-5 метр/секжел еседі,ауатемпературасы+30+32ИС.

Синоптиктердің мәліметтеріне сәйкес, Қазақстанның солтүстігінде күн ашық болады: Қостанай, Ақмола және Павлодар облыстарында ауа температурасы сәйкесінше, +28+33, +25+30 және+25+30ИС. Солтүстік Қазақстан облысында да жауын-шашынсыз, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, ауа температурасы+26+31ИС.

Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында жауын-шашынсыз, кей жерлерде15-20 метр/секжылдамдықпен жел соғады,ауатемпературасы сәйкесінше,+26+31 және+25+30ИС. Республиканың оңтүстігінде Қызылорда облысында ғана күн күркіреп жаңбыр жауады, кей жерлерде 15-20 метр/секжылдамдықпен жел соғады, ауатемпературасы +30+35. Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында күн ашық, ауа температурасы сәйкесінше, +29+34, +33+38 және +30+35ИС болады.

Қазақстанның батыс өңірлерінде аздап жаңбыр жауады: Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында 15-20 метр/сек жылдамдықпен жел тұрады, ауа температурасы +23+28, +23+28, +17+22ИС. Ақтөбе облысында күн күркіреп, аздап жаңбыр жауады, кей жерлерде 15-20 метр/сек жылдамдықпен жел соғады, ауа температурасы +25+30ИС.

Метеоқызметтің хабарлауынша, Қостанай, Ақтөбе облыстарында кей жерлерде қатты ыстық болады. Қазақстанның батысында, орталығында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында өрт туындау қаупі жоғары болады.

Алдағы тәуліктерде Қазақстан өзендерінің гидрологиялық режимінде елеулі өзгерістер болжанып отырған жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны