15.09.2006, 12:35 3544

Батыс Қазақстанда кәсіпкерлер қауымдастығы құрылды

ОРАЛ. 15-қыркүйек. Kazakhstan Today. Батыс Қазақстан облысында кәсіпкерлер қауымдастығы құрылды. Оған шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы үкіметтік емес ұйымдар енді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне облыстық әкімшіліктен хабарлады.

Жаңа бірлестік кәсіпкерлерді қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар мен саясатты жүзеге асыру саласындағы мемлекеттік мекемелермен ынтымақтастық, қауымдастық мүшелерінің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау, инвестициялық саясатты жүзеге асыруға қолдау көрсету жұмыстарымен айналыспақшы.

Социологиялық зерттеу мәліметтеріне сәйкес, облыстағы экономикалық белсенді тұрғындардың 14 проценті ғана кәсіпкерлікпен шұғылданады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны