18.11.2010, 14:23 4323

Батыс Қазақстанда мұнайдың төгілуіне әрекет ететін бірлестік құру қажет - Назарбаев

Батыс Қазақстанда мұнайдың төгілуіне әрекет ететін бірлестік құру қажет. Бұл туралы кеше Атырау облысына жұмыс сапары барысында мемлекет басшысы мұнайгаз өңдеу саласын дамытуға байланысты өткізген кеңес барысында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ресми БАҚ сілтеме жасай отырып.

Алматы. 18 - қараша. Kazakhstan Today - Батыс Қазақстанда мұнайдың төгілуіне әрекет ететін бірлестік құру қажет. Бұл туралы кеше Атырау облысына жұмыс сапары барысында мемлекет басшысы мұнайгаз өңдеу саласын дамытуға байланысты өткізген кеңес барысында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ресми БАҚ сілтеме жасай отырып.

Жиналыс барысында Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстанның жер қойнауын игеру экологиялық қауіпсіздік нормаларын қамтамасыз етумен жүзеге асырылуы тиіс, деп атап көрсетті. Бұл мәселе бірінші орында тұруы тиіс. "Олай болмаса кен орнын игеру экологиялық апатқа алып келуі мүмкін. Мексика шығанағының тәжірибесін естен шығаруға болмайды. Каспий жағдайында осы сценарийдің қайталануы орасан зор зардаптарға әкелуі мүмкін", - деп атап өтті елбасы.

Елбасы қолда бар күштер мен құралдардың жалпыламалығын және жеткіліксіздігін атап өтті. Қазір қолда түрлі, көп жағдайда үйлесімсіз, құрал-жабдықтар мен техникалар бар, олардың Каспий теңізінде мұнай операцияларын жүргізудің қауіпсіздігін қамтамасыз етуінің тиімділігі мен мүмкіндіктері тәжірибеде тексерілмеген.

"Сондықтан да "Аджип ККО" мен "Теңізшевройл" компаниялары ұсынып отырған мұнай төгілуіне жедел әрекет ету Батыс Қазақстандық бірлестігін құру туралы ұсынысына қайта оралуды сұраймын. Ол игеріліп жатқан жер үсті және теңіздегі контрактілі кен орындарындағы, сонымен қатар мұнайды тасымалдау кезіндегі апатты мұнай төгілулерінің алдын алуға бағытталған күштерді біріктіре алады", - деп тапсырма берді ҚР Президенті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны