02.12.2012, 15:35 2801

Батыс Қазақстанда жоспарланған тұрғын үйлерді жаңғырту жыл соңына дейін аяқталмақ

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Батыс Қазақстан облысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы табысты жүзеге асырылуда.

Орал. 2-желтоқсан. Kazakhstan Today - Батыс Қазақстанда жоспарланған тұрғын үйлерді жаңғырту жыл соңына дейін аяқталмақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Батыс Қазақстан облысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы табысты жүзеге асырылуда.

Облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, биыл аталмыш бағдарламаның 1-тетігі бойынша 312 млн. астам теңге "Орал" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының жарғылық қорын толықтыруға, 2-тетігі бойынша бөлінген 500 млн. теңгенің 111 млн. теңгесі Орал қаласына, 108 млн. теңгесі Шыңғырлау, 130 млн. теңгесі Жаңақала, 150 млн. теңгесі Зеленов аудандарына берілді. Зеленов ауданында 34 үйді жаңғырту жоспарланды. Соның 21-і жөнделіп, тапсырылды. Ал Шыңғырлау ауданында жоспарға сай 20 үй түгелдей жаңғырту үрдісінен өтіп, мемлекеттік комиссияның қабылдауынан өтті. Жаңақала ауданында 15 үйді жөндеу жұмыстары аяқталып, енді комиссияның қабылдауынан өтеді. Оралда жаңғыртылуы тиіс 16 үйдің төртеуінің жөндеу жұмыстары аяқталды. Жыл соңына дейін жоспарланған тұрғын үйлерді жаңғырту қалада да, аудан орталықтарында да аяқталады.

Сонымен қатар Ақжайық ауданының орталығы Чапаев ауылында аталмыш бағдарламаның 1-тетігі бойынша бір бес қабатты, бір екі қабатты үйлерді жаңғырту жұмыстары басталады. Енді "Орал" ИКК мердігерді анықтау үшін конкурс өткізеді. Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Қазталов аудандары бағдарламаға қатысуға құжаттарын жинақтап, жобаларын дайындауда. Оралда 2011 жылға дейін тұрғын үйлердің шатырларын, жертөлесін жөндеу жұмыстарына төтенше жағдайлар желісі арқылы бюджеттен қаржы бөлініп келді. Қалалықтар соған бой үйретіп алғандай, әлі күнге мемлекет жөндеп береді деп тегін көмек күтеді.

Тасқала ауданында биылға үш үйді жаңғырту жоспарланып, тұрғындардың келісімі алынды. Үш үйдің құжаттары сараптамаға тапсырылды. Енді сараптама қорытындысы шығарылса, жөндеу жұмыстары басталады. Шыңғырлау ауданында бір үйге терможаңғырту жасалды. Онда үйдің қабырғасы жылу ұстағыш материалмен қапталды. Ақжайықтың Чапаев ауылындағы бір екі қабатты үйдің қабырғасын, төбесін, балконын, кіреберісін жылу ұстағыш материалмен қаптап, подъездің есігін жаңалап, кодпен ашылатын кілт орнатып, пәтерлердің терезелерін пластикалық терезелермен ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны