05.09.2018, 19:22 3768

"Батыс" өӊірлік қолбасшылығында әскери байланысшылардыӊ ауқымды оқу-жаттығулары өтті

Искери байланысшылар он күн ішінде нақты жауынгерлік даярлық дәрежесі мен белгіленген уақыт ішіндегі тапсырманы орындау мүмкіндігі бойынша тексерілді.

Атырау. 5 қыркүйек. Kazakhstan Today - Атырау облысында әскери байланысшылардыӊ кешендік жаттығулары кезінде шартты түрдегі қарулы қақтығыс жағдайында байланыс жүйелері құрылды.

Искери байланысшылар он күн ішінде нақты жауынгерлік даярлық дәрежесі мен белгіленген уақыт ішіндегі тапсырманы орындау мүмкіндігі бойынша тексерілді.

Кешендік жаттығулар кезінде әскери байланысшылар дабыл бойынша көтеріліп, жауынгерлік қолданылыс аумағына марш жасап, байланыс тораптарын құрды. Негізгі тапсырма белгілі, ол жеке құрамныӊ біліктілік деӊгейі мен тапсырманы орындау кезіндегі шынайы мерзімдерді анықтау. Осы арқылы, байланысшылар алда күтіп тұрған "Батыс-2018" оқу-жаттығулары атты үлкен сынақ алдында дайындықтарын бір пысықтап алды.

Бұл жаттығуларға алғаш рет Беларусь Республикасыныӊ Искери Академиясы мен Радиоэлектроника және Байланыс Искери институтыныӊ биылғы түлектері қатысқан болатын. Осы жолы олар үлкен сынақтан сүрінбей өтіп шықты. Жаттығу нәтижесі бойынша капитан Евгений Толмачев пен аға лейтенант Наурыз Тлеугалиев бастаған жеке құрам жақсы нәтиже көрсете білді.

Практикалық жаттығулар арқасында байланысшылар жеке құрамы заманауи байланыс құралдарыныӊ қолданылуымен далалық және стационарлық байланыс тораптарыныӊ координациясы бойынша айтарлықтай білімдері мен машықтылығын арттыра алды.

Байланыс - әскерлерді басқару жүйесініӊ ажырамас бөлігі болып саналады. Олар Қарулы Күштерді тұрақты және тоқтаусыз байланыспен қамтамасыз етеді, және де олардыӊ жеделдігі мен шапшандылығы ұрыс мүмкіндіктерініӊ сапалы қолданылуымен қатар, әскери іс-қимылдыӊ нәтижесін де айқындай алады.

"Батыс" өӊірлік қолбасшылығы Басқармасыныӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны