03.12.2018, 21:52 10964

"Батыс" өӊірлік қолбасшылығыныӊ әскери қызметшілеріне Н.Назарбаевтыӊ "Ұлы даланыӊ жеті қыры" мақаласы түсіндірілді

Атырау қаласында Қазақстан Халқы ассамблеясыныӊ "Қазақтану" мәдени-ағартушылық жобасыныӊ аясында Мемлекет басшысыныӊ "Ұлы даланыӊ жеті қыры" мақаласын ілгерілету бойынша "Батыс" өӊірлік қолбасшылығыныӊ әскери қызметшілерімен кездесу өтті.

Атырау. 3 желтоқсан. Kazakhstan Today - Атырау қаласында Қазақстан Халқы ассамблеясыныӊ "Қазақтану" мәдени-ағартушылық жобасыныӊ аясында Мемлекет басшысыныӊ "Ұлы даланыӊ жеті қыры" мақаласын ілгерілету бойынша "Батыс" өӊірлік қолбасшылығыныӊ әскери қызметшілерімен кездесу өтті.

Іс-шараныӊ мақсаты - жалпыұлттық тарихи сана негізінде халық бірлігін нығайту, Мемлекет басшысыныӊ елдіӊ өткенін, қазіргі кезі мен болашағын тұтастай қабылдауды қалыптастыру жөніндегі идеяларын ілгерілету болып саналады.

Искери қызметшілермен кездесуге Қазақстан жазушылар кеӊесініӊ мүшесі, жазушы, филология ғылымдарыныӊ кандидаты, аудармашы Камал Альпеисова мен профессор, академик, филология ғылымдарыныӊ докторы Казбек Казкенов қатысты. Олар әскерилерге "Қазақы дүниетаным және ұрпақ тәрбиесі", "Қазақ салттары - ұлт коды", "Жаӊа ұлттық әліпби және мемлекеттік тілдіӊ болашағы" тақырыптарында зор қызығушылық туғызған баяндамалар оқыды.

Жалпы, "Қазақтану" жобасына ҚХА XXVI сессиясында бастама жасалған және қазақстандық этностардыӊ мәдениеттерін өзара байытуы, қазақ халқыныӊ гуманистік дәстүрлері мен рухани құндылықтары негізінде қоғамдық сананы жаӊғырту процесінде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған. "Қазақтану" жобасыныӊ шеӊберінде лекторийлер жалпы алғанда 5000 астам адамды қамти отырып, 17 елді мекенде өтті, деп хабарлайды "Батыс" өӊірлік қолбасшылығы басқармасыныӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны