21.11.2018, 12:27 4950

"Батыс" өӊірлік қолбасшылығыныӊ жас сарбаздары әскери ант қабылдады

2018 жылды көктемгі әскерге шақыру барысында Қарулы Күштердіӊ, басқа әскерлері мен әскери құрамаларыныӊ қатарына 17 мыӊнан астам шақыру жасындағы азамат шақырылады.

Ақтөбе. 21 қараша. Kazakhstan Today - Ақтөбе қаласындағы 30238 әскери бөліміне шақырылған 65 мерзімді қызметтегі әскери қызметші Отанға адал болуға ант берді.

Ақтөбе қаласыныӊ 30238 әскери бөлімен сарбаздар Қарағанды және Қызылорда облыстарынан шақырылған болатын. Отан қорғаушыларды ҚР Қарулы Күштерініӊ ардагерлері, әскери бөлімдер мен мекемелердіӊ басшылығы, ата-аналары мен туыстары олардыӊ өміріндегі осынау атаулы күнмен құттықтады.

Ата-аналардыӊ атынан құттықтау сөз сөйлеген жас сарбаз қатардағы Данаевтыӊ анасы Роза Данаева сарбаздарға, осы қабылдаған әскери анттарына адал болуларын, әскери қызметтіӊ қиындықтарына мойымай табандылықпен төтеп беруге шақырып, борыштарын ойдағыдай өткеріп болып үйлеріне, ата-аналарына аман-есен оралуларын тіледі.

Мерзімді қызметтегі әскерилер ант қабылдаған соӊ кіші мамандарды даярлау бағдарламасы бойынша жауынгерлік оқуға кіріседі. Жарты жылдан соӊ олар артиллерист, танкист, байланысшы, атқыш сияқты әскери мамандықтарға ие болып, бірыӊғай, толыққанды Отан қорғаушы сапында тұрады.

Жылдан жылға еліміздіӊ түрлі өӊірінен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерініӊ қатарына Егеменді елді қорғаудағы өздерініӊ қасиетті борышын орындау үшін жастар әскерге шақырылады. Қазіргі уақытта армияға дене бітімі сымбатты, білімді, моральды тұрғыда берік жігіттер қызметке келуде. Олар даӊқты жауынгерлік дәстүрдіӊ лайықты ұрпағы және Қазақстан Республикасына қырағы қызмет етудіӊ үлгісі болары сөзсіз.

2018 жылды көктемгі әскерге шақыру барысында Қарулы Күштердіӊ, басқа әскерлері мен әскери құрамаларыныӊ қатарына 17 мыӊнан астам шақыру жасындағы азамат шақырылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны