20.05.2013, 10:19 21037

Батысқазақстандық түлектердің үштен бірі ҰБТ-дан бас тартты

Облыс бірыңғай ұлттық тестілеуге дайындықты бастап кетті. Биыл тест тапсыруға ниет білдіргендердің қатары былтырғымен салыстырғанда азырақ. Білім беру басқармасының қызметкерлері тест тапсыруда ешқандай жаңашылдық жоқ, емтихан былтырғы жылдың сценарийі бойынша өтетіндігін алға тартуда.

Орал. 20-мамыр. Kazakhstan Today - Батыс Қазақстан облысында түлектердің шамамен 73%-ы бірыңғай ұлттық тестілеу тапсыруға ниет білдірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің облыстық білім беру басқармасына сілтеме жасай отырып хабарлауынша, облыс бірыңғай ұлттық тестілеуге дайындықты бастап кетті. Биыл тест тапсыруға ниет білдіргендердің қатары былтырғымен салыстырғанда азырақ. Білім беру басқармасының қызметкерлері тест тапсыруда ешқандай жаңашылдық жоқ, емтихан былтырғы жылдың сценарийі бойынша өтетіндігін алға тартуда.

"Биыл бірыңғай ұлттық тестілеу 3 мен 5 маусым аралығында 9 арнайы тест тапсыру орнында өтеді. Егер былтыр ҰБТ тапсыруға түлектердің 75 пайызы бел буса, биыл олардың саны 73 пайызға дейін қысқарды. Облыс бойынша 5384 оқушы мектеп бітіреді, оның 3923-і ҰБТ тапсыруға ниет білдірді. 2640 мың оқушы қазақша, 1283 оқушы орыс тілінде", - деп мәлім етті облыстық білім беру басқармасының бас маманы Ерлан Төленов.

Тестілеу қазақ немесе орыс тілдерінде бес пән: қазақ және орыс тілдері, математика, Қазақстан тарихы және таңдап алынған мамандығына қатысты таңдау бойынша тағы бір пәннен өтеді. Арнайы немесе шығармашылық дайындықты қажет ететін мамандықты таңдаған түлектердің таңдау бойынша пәннен тест тапсыруы - ерікті түрде.

Ир пән бойынша тесттік сұрақтар - 25, сұрақтардың жалпы саны - 125.

"Біздің университетімізде тест тапсырушылардың алғашқы легі 3 маусымда, екіншісі - 5 маусымда тапсырады. Біздің іргемізде өз білімін 1026 оқушы тексеретін болады. Тестілеуге 3,5 сағат бөлініп отыр", - деді ҰБТ тапсыру бекетінің жетекшісі Нұрдәулет Хабадашев.

Облыс бойынша 123 түлек үздік аттестатқа, тағы 211 мектеп оқушысы "Алтын белгіге" үміткер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны