28.11.2019, 13:36 1804

Батыс Қазақстан облысында "Халықтық заңгер" атты жалпыреспубликалық науқан өткізілді

Іс-шара шеңберінде еліміздің үздік заңгерлері мен адвокаттары халыққа тегін заңгерлік көмек көрсетеді.

Орал. 28 қараша. Kazakhstan Today - Оралда және аудан орталықтарында "Халықтық заңгер" атты жалпыреспубликалық науқан өткізілді.

Іс-шараны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Батыс Қазақстан облыстық департаменті, ZAKON.KZ желілік басылымы және "Параграф" ақпараттық жүйесі бірлесе ұйымдастырды.

"Халықтық заңгер" - Қазақстанның түрлі қалаларында ай сайын ұйымдастырылатын әлеуметтік науқан.

Іс-шара шеңберінде еліміздің үздік заңгерлері мен адвокаттары халыққа тегін заңгерлік көмек көрсетеді.

Науқанға 60 заңгер мен мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатысып, халықтың арыз-шағымын тыңдады. Сондай-ақ, танымал адвокаттар, прокурорлар, полиция қызметкерлері мен нотариустар кеңес берді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Батыс Қазақстан облыстық департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және адалдық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Біржан Хайруллиннің айтуынша, бұл ауқымы мен географиясына қарай тек Қазақстанда ғана емес, дүниежүзінде бұрын-соңды болмаған форматтағы науқан болып табылады.

Облыстың кез-келген тұрғыны келіп, еліміздің ең үздік заңгерлер қоғамдастығы өкілдерінен өздеріне қажетті ақыл-кеңесті тегін алу мүмкіндігіне ие болды. Заңгерлер арасында тергеушілер, сот орындаушылары, әділет органы қызметкерлері, көші-қон полициясының өкілдері, жылжымайтын мүлікті тіркеу басқармасының өкілдері мен мемлекеттік органдардың басшылары бар.

"Халықтық заңгер" науқаны халық арасында құқықтық сауаттылықты таратуға, құқықтық сауатсыздық пен нигилизмді жоюға септігін тигізбек. Заң нормаларын, жалпы заңдарды, ережелер мен нормативтерді білмеу соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа да алып келеді, дейді шараны ұйымдастырушылар.

"Сыбайлас жемқорлық неден туындайды? Көбінесе азаматтардың заңдарды білмеуінен туындайды. Салдарына қарамастан, олар үшін пара беру - оңай. Бұл айналып келіп ақырында ерте ме, кеш пе олардың өздеріне нұқсан келтіретінін түсінбейді", - дейді Біржан Хайруллин.

Айта кету керек, "Халықтық заңгер" жалпыреспубликалық науқаны үш жылдан бері өткізіліп келеді және облыс тұрғындары арасында танылып үлгерді. Өткен жылы мамандардың көмегіне 300-ден астам адам жүгінген. Олардың бәріне де құқықтық және заңгерлік көмек көрсетілді. Биыл тегін заңгерлік көмек 600-ден астам адамға көрсетілді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны