20.06.2019, 20:20 8239

Батыс Қазақстан облысында "Инватакси" сайты мен мобильдік қосымшасының тұсаукесері жасалды

Жүйені 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап іске қосу жоспарланып отыр. Тұтастай алғанда, ағымдағы жылы инватакси қызметтеріне 59078,0 мың теңге бөлінді, қазіргі күні 707 мүгедек жан үшін 8239 сапар жасалды. Мүгедектерге 23 машина қызмет көрсетеді.

Орал. 20 маусым. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Батыс Қазақстан облыстық департаменті мен Батыс Қазақстан облыстық Ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет және мұрағаттар басқармасының мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мәселелері бойынша бірлескен отырысында "Инватакси"сайты мен мобильдік қосымшасының тұсаукесері жасалды. Бағдарламалық жасақтаманың мақсаты: шақыруларды автоматтандыру және оңайлату, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды тасымалдаумен айналысатын Инватакси қызметінің орындалуын қадағалау және мониторинг жүргізу.

Жүйе мүгедек жандардың ауру-сырқау түрлерінің санаты бойынша клиенттерді бөлу функциясын қолдауға тиіс. Көз жанары нашар көретін мүгедектер үшін қосымшаның дыбысы болуға тиіс. Жүйені 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап іске қосу жоспарланып отыр. Тұтастай алғанда, ағымдағы жылы инватакси қызметтеріне 59078,0 мың теңге бөлінді, қазіргі күні 707 мүгедек жан үшін 8239 сапар жасалды. Мүгедектерге 23 машина қызмет көрсетеді.

Сондай-ақ, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін мекемелік бағыныштығына қатыссыз білім беру мекемелеріне электрондық түрде құжат қабылдап алу және оқуға тіркеу мәселелері қаралды. Электрондық түрде өтініш берген жағдайда қызмет алушыға 5 күн ішінде телефонына хабарландыру немесе хабарлама келеді, ал қызмет алушылар 10 күн ішінде сәйкестендіру үшін құжаттардың түпнұсқаларын алып мектепке келуілері қажет.

Мемлекеттік қызметтерді электрондық қосымшалардың көмегімен алу жұмыстың ашықтығын және қаражаттың жұмсалуын бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны