10.02.2021, 18:50 16928

Батыс Қазақстанда жол салу үшін орман қорынан 11 гектар жерді алып қою жоспарлануда

Қаулы жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларды болжамайтыны атап өтілген.
Нұр-Сұлтан. 10 ақпан. Kazakhstan Today - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі "Бөрлі орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі" және "Орал орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің орман қорынан 11,55 гектар жерді өнеркәсіп, көлік, байланыс жерлері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтаждықтарына арналған жерлер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер санатына ауыстырмақшы, деп хабарлайды Kazakhstan Today "Ашық" НҚА сайтына сілтеме жасап.
 
Ауыл шаруашылығы министрлігі дайындаған "Орман қоры жерлерінің жекелеген учаскелерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру туралы" ҚР Үкіметі қаулысының жобасы 2021 жылдың 24 ақпанға дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.
 

Қаулы жобасын іске асыруда "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алудан туындаған 1 935 082 (бір миллион тоғыз жүз отыз бес мың сексен екі) теңге мөлшеріндегі орман шаруашылығы өндірісінің шығасыларын, орман дақылдары үшін ақы төлеу мөлшерлемелері бойынша 448 758,80 (төрт жүз қырық сегіз мың жеті жүз елу сегіз теңге сексен тиын) теңге мөлшеріндегі орман шаруашылығы өндірісінің 161 130 (жүз алпыс бір мың теңге жүз отыз) теңге мөлшеріндегі сүрек шығындарын республикалық бюджет кірісіне өтейді", - делінген құжатқа түсіндірме жазбада.

 
Сондай-ақ, қаулы жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларды болжамайтыны атап өтілген.
 
Жерлерді ауыстырудың мақсаты - автомобиль жолының А-30 "Подстепный - Федоровка - РФ шекарасы" 0-144 километрдегі республикалық маңызы бар жолын салу үшін.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны