24.03.2019, 20:56 8642

"Батыс" өңірлік қолбасшылығының танкішілері Т-72 танкісінің қару-жарағынан штаттық оқ атуларды өткізді

Оқ атулардың қорытындысы бойынша 1-ші танкті ротасының командирі аға лейтенант Мирас Борамбаевтың экипаждары, яғни, танк командирлері Алдаберген Бексұлтан мен кіші сержант Медет Әбілтаев үздік нәтижелер көрсетті.

Ақтау. 24 наурыз. Kazakhstan Today - Ақтаудағы "Оймаша" және Маңғыстау облысының Бейнеудегі "Бекет ата" полигондарында "Батыс" ӨңҚ әскери бөлімдерінің 30-дан аса танк экипажы күндізгі және түнгі уақытта штаттық оқ атуларды өткізді.

Танкішілер шартты нысаналар бойынша Т-72 танкісінің қару-жарағынан дәлдеп ату шеберліктерін паш етті. Оқ атуларды өткізудің басты мақсаты әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлық деңгейін арттыру, штаттық қару-жарақтан олардың оқ ату шеберліктерін жетілдіру, атысты басқаруды дұрыс ұйымдастырудағы практикалық машықты игеру болды.

Экипаждар бақылау оқ атудың бірінші жаттығуын орындады. Оның барысында 1600 метр қашықтықтан шартты танктер бойынша 900 метрге дейінгі қашықтықтан автомобильде қол танкіге қарсы гранатаатқыш пен серпілмейтін зеңбірек және 700 метрден қол танкіге қарсы гранатаатқышпен оқ атуды жүргізді. Одан басқа, танкішілер танкіге атыс жиынтығын салу, танктің бөлімшесі мен қару-жарағын жорықтық қалыптан жауынгерлікке және кері қарай көшіру жөніндегі практикалық нормативтерді орындады.

Осы жылдың штаттық оқ атулары барысында әскери қызметшілер алғаш рет арнайы аспаптар мен түнгі көру көздеуіштерін қолдана отырып, табиғи жарықтың болмауы жағдайында жауынгерлік оқ атуларды өткізгенін айрықша атап өту қажет. Шектеулі визуалды көрінушілік жағдайларында жауынгерлік оқ атулар жаттығуын орындайтын байланысты ұйымдастыру мен экипаждарды басқаруға ерекше көңіл бөлінді. Т-72 танкісі қару-жарағынан штаттық оқ атулар жыл сайын жылына екі рет өткізіледі және дәл осы жерде, яғни, полигонда танкіші нағыз кәсіпқойға айналады. Себебі, мұндай штаттық жаттығулар жеке құрамның танкті оқ атудың қуаттылығын сезініп, әрекет етуде ұрыс машиналарын көріп, өздерінің жауынгерлік даярлықтарын жақсартуға бағытталған.

Оқ атулардың қорытындысы бойынша 1-ші танкті ротасының командирі аға лейтенант Мирас Борамбаевтың экипаждары, яғни, танк командирлері Алдаберген Бексұлтан мен кіші сержант Медет Әбілтаев үздік нәтижелер көрсетті. Олардың экипаждары барлық тиісті нормативтерді сапалы әрі жылдам орындап, барлық межелерге дөп тигізді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны