21.05.2018, 20:52 6461

Бауыржан Байбек Алматы көшелеріндегі тротуарларды қалпына келтіруді тапсырды

Мегаполис басшысы жұмыс сапары барысында Қалдаяқов көшесініӊ шығысына қарай Гоголь мен Ийтеке би көшесі арасындағы тротуарды қалпына келтіруді тапсырды, мұнда нысанныӊ меншік иелері жаяу жүргіншілерге кедергі келтіретін көлік тұрағын жасап алған.

Алматы. 21 мамыр Kazakhstan Today - Алматы әкімі қаланыӊ бірқатар көшелерін аралап көріп, оларды абаттандыру жөнінде нақтылы тапсырмалар берді.

Мегаполис басшысы жұмыс сапары барысында Қалдаяқов көшесініӊ шығысына қарай Гоголь мен Ийтеке би көшесі арасындағы тротуарды қалпына келтіруді тапсырды, мұнда нысанныӊ меншік иелері жаяу жүргіншілерге кедергі келтіретін көлік тұрағын жасап алған.

Тиісті басқармаға қоғамдық аймақты көлік тұрағына айналдырған Абдуллин мен Гоголь көшелері бұрышындағы құрылысты салып жатқандарға қатысты шара қолдану тапсырылды.Жаяу жүргіншілерге басымдық бере отырып аталған аймақты көріктендіру жұмыстарын құрылыс компаниясы өзініӊ жеке қаржысы есебінен атқаратын болады.

Ағымдағы жөндеу жұмыстары кезінде Гоголь көшесі бойымен Қалдаяқов көшесінен Орталық мәдениет және демалыс паркіне дейін абаттандыру жүзеге асырылады. Сонымен қатар, жүргінші қозғалысын қиындататын заӊсыз қрлысытардыӊ барлығы алынады. Айта кетерлігі, бұрын Қалдаяқов көшесінен Желтоқсан көшесіне дейінгі учаске жөнделген еді..

Биылғы жазда Алматыда 150-ден астам көше, 30 км тротуар мен 600 аула қайта жасалады. Жер асты өтпелі жолдардыӊ барлығы күрделі жөнделеді, жаӊа фонтандар салу жоспарланған. Бұрын қайта жасалған Панфилов, Жібек Жолы, Гоголь, Қабанбай батыр, Байсейітова,Төлебаев көшелері мен "Астана" алаӊынан өзге қаланыӊ бірқатар негізгі даӊғылдары жаӊарады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны