02.10.2015, 12:18 4948

Бауыржан Байбек Алматы ұстаздарын Мұғалім күнімен құттықтады

Бүгін Алматы әкімі Бауыржан Байбек қаланыӊ педагог тар құрамын кәсіби мерекелерімен құттықтады. Салтанатты шараға білім саласыныӊ ардагерлері, педагогтар, оқулықтар мен әдістемелік құралдардыӊ авторлары қатысты

Алматы. 01 Қазан. Kazakhstan Today - Бүгін Алматы әкімі Бауыржан Байбек қаланыӊ педагог тар құрамын кәсіби мерекелерімен құттықтады. Салтанатты шараға білім саласыныӊ ардагерлері, педагогтар, оқулықтар мен әдістемелік құралдардыӊ авторлары қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мегаполис басшысы еліміздіӊ ірі білім орталығы Алматы қаласы ұстаздарыныӊ кәсіби білімі мен біліктілігін ерекше атап өтті

"Мен бүгінгі кездесуге және сіздерді жеке өз атымнан кәсіби мерекелеріӊізбен құттықтауға мүмкіндік туғанына өте қуаныштымын. Мұғалімніӊ қызметі өте беделді, ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтып өткендей, мемлекет пен ұлтты құрайтындар мына, сіздер, ұстаздар. Біздіӊ ұлттық дәстүрімізде ұстазға деген құрмет қашан да жоғары. Тек нағыз мұғалім ғана еӊ күрделі ғылым- адам болуға үйретеді және тәрбиелейді", - деп атап өтті Бауыржан Байбек, деп хабарлайды almaty.gov.kz тілшісі.

Икім қалада білім беру сапасын одан әрі арттыру үшін қажетті жағдайлардыӊ бәрі одан әрі жалғасын табатындығын айтты. Мысалы, тек соӊғы үш жылдыӊ ішінде білім саласына қала бюджетінен бөлінген қаржы 20%-ға артып, в 54,5 млн.теӊгені құрады. Алматыда 5 жыл ішінде 46 білім нысаны іске қосылды.

Қала басшысы Алматыдағы білім жүйесініӊ Қазақстанда жетекші рөлге ие екендігін айтып, мүғалімдерге алғыс білдірді. Осы ретте әкім "Үздік педагог" атты республикалық конкурстыӊ жеӊімпаздары атанған әр мұғалімге бір миллион тоғызжүз мыӊ теӊге көлемінде ақшалай сыйлықтарды тапсырды. Мұндай құрметті атқа Алматыныӊ төрт мұғалімі ие болды, олар: №140 мектеп- гимназияныӊ қазақ тілі мен әдебиеті пәнініӊ мұғалімі Сафура Темурбаева, №62 мектеп- гимназияныӊ қазақ тілі мен әдебиеті пәнініӊ мұғалімі Гүлмира Рыскелдиева, №165 арнайы лицейдіӊ орыс тілі мен әдебиеті пәнініӊ мұғалімі Марина Асылбекова және Политехникалық колледждіӊ арнайы пәндер оқытушысы Маржан Маликова.

"Мемлекет басшысы мұғалімдерге ерекше көӊіл бөледі. Өздеріӊіз білесіздер, қазіргі дағдарыс кезінде әлемніӊ көптеген елдерінде жұмыс орындары қысқарып, кіріс төмендеуде. Бірақ, Елбасыныӊ тікелей тапсырмасы бойынша жаӊа жылдан бастап мұғалімдердіӊ жалақысы 44% -ға өседі", - деп атап өтті Б.Байбек.

Шара барысында қала әкімі мен Алматыныӊ жетекші ұстаздары арасында білім берудіӊ жаӊа түрлері мен инновациялық әдістеме, онлайн режимде білім беру жөнінде конструктивті диалог өтті.

Ақпараттық анықтама:

Қазіргі кезде Алматыныӊ білім жүйесінде 27 000-нан астам педагог жұмыс істейді, олардыӊ 1900 "Ыбырай Алтынсарин" және "Білім беру ісініӊ үздігі" төсбелгісімен марапатталған, 13 мұғалім "Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген қайраткері". Жыл сайын қала педагогтары Республикалық және Халықаралық конкурстарда жеӊімпаз атануда.

Қаланыӊ білім беру мекемелері оқушыларынан құралған команда 10 жыл қатарынан Республикалық пәндік Олимпиадада, 13 рет қатарынан Республикалық ғылыми жарыстарда жүлдегер болды. ҰБТ қорытындысы бойынша Алматы мектептерініӊ түлектері төртінші жыл қатарынан орташа балл жинауда бірінші орында келеді. "Алтын белгi" ( 2015 жылы 225 оқушы) алушылар қатары өсуде, өткен оқу жылында біздіӊ оқушылар Халықаралық және Республикалық Олимпиадаларда 325 жүлделі орынды иеленді. 2015 жылы мектеп түлектерініӊ 90% шетелдегі және Қазақстандағы ЖОО-на түсті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны