Система Orphus

Бауыржан Байбек "Алматыны дамытудыӊ 50 драйвер жобасы" туралы бастаманы жария етті

24.01.2018, 15:27 1723

Алматы. 24 қаӊтар. Kazakhstan Today - Алматыда ел Президентініӊ Қазақстан халқына арнаған "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудыӊ жаӊа мүмкіндіктері" атты Жолдауын жүзеге асыруға арналған қала активінде Бауыржан Байбек "Алматыны дамытудыӊ 50 драйвер жобасы" туралы бастаманыӊ бастау алғанын жария етті.

Алматы әкімі Мемлекет басшысыныӊ халыққа Жолдауында үш маӊызды мәселені шешуді - экономикалық өсім мен азаматтардыӊ тұрмыстық жағдайын жақсартуды, адами капиталды дамытуды, мемлекеттік басқару тиімділігін арттыруды алға міндет етіп қойғанын атап өтті.

"Елбасы биылғы Жолдауында белгілеген 10 нақты міндет еліміздіӊ әлемдік төртінші өнеркәсіптік революция дәуірінде жаӊа технологиялық дамудан қалыс қалмаудыӊ негізгі тетіктері. Жаһанданудыӊ түрлі сын-қатерлерін ұтымды еӊсеріп қана қоймай, жаӊа технологияларды қоғам өмірінде тиімді пайдалана білген жеӊімпаздар қатарынан табылудыӊ даӊғыл жолы. Мемлекет басшысыныӊ Жолдауын жүзеге асырудыӊ жобалық қағидасы бойынша біз эконономиканыӊ одан әрі дамуын және қала келбетініӊ оӊ өзгерісін қамтамасыз ететін "Алматыны дамытудыӊ 50 жобалар-драйверлері" туралы бастаманы қолға алдық. Ирбір жоба бойынша нақтылы мерзімдер, орындаушылар мен ресурстар анықталды. Илеуметтік саладағы жобалар саны едәуір - 30%, көлік саласында - төрттен бірі, энергетика мен абаттандыру бойынша 10%. Бұлардыӊ барлығы Жобаныӊ мақсаттары мен міндеттіеріне сай, сондықтан оларды міндетті түрде жүзеге асыру қажет", - деп атап өтті Бауыржан Байбенк

Оныӊ сөзі бойынша 50 драйвердіӊ ішіндегі маӊыздысы - Индустриялық аймақты дамыту. Бүгінгі күні мұнда 180 млрд. теӊгеніӊ 41 жобасы іске асуда. Жобаларды жүзеге асыруда экспортқа бейімделуге, импортты алмастыруға және қала экологиясы мен қауіпсіздігі үшін өндірісті қала сыртына шығаруға жете назар аударған жөн. Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасы бойынша қалаға беріліп, "Алматы" АЭА болып қайта құрылатын "Алатау" инновациялық технологиялар паркі де бір драйверге айналады. Илеуетті салалар тізімін кеӊейту жоспарланып, фармацевтика, өндірістік қорғаныс, машина жасау салалары бойынша жобалар қолға алынады.

"Мемлекет басшысы кәсіпорындардыӊ энергиялық үнемі мен энергия жинақтауына, энергияны шығаратындардыӊ экологияны жасқартуға және жұмыс тиімділігіне талаптарды күшейтуді тапсырды. Сонымен қатар, шағын және орта бизнесті кеӊінен тарта отырып тұрмыстық қатты қалдықтарды заманауи әжетке жарату мен өӊдеу бойынша нақты шешімдер қабылдау жөнінде тапсырмалар берілді. Біз қазірдіӊ өзінде "жасыл энергетикаға" көшу бойынша жұмыстар жүргізудеміз", - деді әкім.

Мысалы, бүгінгі күні жеке сектордыӊ 96%-ы газға көшірілген, жыл аяғына дейін жеке сектор толық газбен қамтамасыз етіледі, ал 2021 жылы - Алматы агломерациясы аймағындағы 4 мыӊ жеке үйлер газдандырылады. 1-ші ЖЭО модернизациялануда, тозығы жеткен қазандықтардыӊ орнына құны 35 млрд. теӊгеден асатын жаӊа газ қазандықтары орнатылады. Қазіргі кезде "Самрұқ-Энергомен" бірге 2-ші ЖЭО газға көшіруге қатысты ТЭН жасалуда.

Бұлардан өзге, экологиялық қоғамдық көлік пайда болады. Қазірдіӊ өзінде автопарктердіӊ 60%-ы газбен жүретін автобустар мен троллейбустар, автобус паркі 30%-ға жаӊарды, метроныӊ жаӊа 2 бекеті салынуда. Биылғы жылы МЖИ қағидасы бойынша ЖРК құрылысы жобасын қолға алу жоспарланған. FalconEuroBus қазақ-неміс компаниясы үшінші кезеӊдегі электромобильдер шығаратын зауытты салуда. Электромобильдерді пайдалануды ынталандыру бойынша жұмыс жүруде, қазірдіӊ өзінде қалада 12 электрмен жабдықтау станциясы жұмыс істеуде, 2019 жылдыӊ соӊына дейін тағы да 47 ЭЖ пайда болады.

ТҚҚ проблемасын шешу үшін 1 тамызға дейін итальяндық технология бойынша жылына қуаты 500 мыӊ тонна қоқыс сұрыптайтын кешенді іске қосу жопарланған. Бұл қоқысты утилизациялаумен қатар 2020 жылға дейін ТҚҚ-дыӊ жалпы көлемінен пайдалы компоненттердіӊ 8%-ын анықтайды.

Мегаполис басшысы қала экономикасын дамытуда көлік- логистикалық инфрақұрылымды одан әрі модернизациялаудыӊ маӊызы зор екенін атап өтті. Қазірдіӊ өзінде басталып кеткен ауқымды БАКАД жобасы Алматыны "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" жүйесіне енгізіп, қаланыӊ көлік жүектемесін 10%-ға азайтады. Иуежайды жаӊғырту да осы бағытты дамытуға ықпал етеді. Бұлардан өзге, 2017 жылы 7 өзен көпірі жөнделді, 5 өтпелі жол салынды, 29 млрд. теӊгеніӊ ұзындығы 174 шақырымнан асатын жолдары жөнделді және салынды, бұл соӊғы жылдардыӊ рекордтық көрсеткіші болып табылады. 3 жолайрығы салынуда, 4 магистральды көше үӊгіленуде.

Қаладағы 38 ЖОО ауқымды ғылым- білім потенциалы болуда және оларды инновация мен жаӊа технологияларды шешуде тиімді пайдалану қажет. "Алматыны дамытудыӊ 50 драйвер жобасы" бастамасына екі жаӊа халықаралық мектептер құрылысы да енген. Оқушылар сарайы базасында кәсіпкерлік негіздеріне үйрететін Бизнес-инкубатор құрылады. Жастар саласыныӊ мәселелерін шешу үшін 2020 жылға дейінгі жастарға қолдау көрсетудіӊ Жол картасы қабылданған. Оныӊ мақсаты - жас азаматтардыӊ шыӊдалып өсуіне барлық жағдайды жасау.

Жалпы, 2017 гжылы 45 мыӊ жаӊа жұмыс орны ашылды, ал биылғы жылы 32 мыӊ адам еӊбекпен қамтылып, олардыӊ 8 мыӊға жуығы мемлекеттік қолдауға ие болады, яғни жұмысқа тартылады, кәсіби білім мен гранттар алады.

"Адами капиталды дамытудыӊ басты аспектісі - ұлттыӊ денсаулығы. Сондықтан науқастыӊ алдын алуға жете назар аударылуы тиіс. Бұл - еӊ алдымен алғашқы диагностиканы дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау. Алдағы үш жылда драйверлерді іске асыру үшін 4 ірі медициналық нысандар салынады, олар: онкологиялық орталық, қазақ -жапон диагностикалық орталығы, ЭКО орталықпен бірге перзентхана, MountSinai халықаралық госпиталі", - деді қала басшысы.

Мегаполис әкімі Жолдауды жүзеге асыруда цифрландыру аспектісі мен Smartcity жобасыныӊ маӊызы зор екенін айтты. Бүгінгі күні Алматы - цифрландыру бойынша Қазақстан қалалары арасында көшбасшы, IT-өнімдерде қаланыӊ алатын үлесі 50%. Smartcity аясында қауіпсіздік, селдіӊ алдын алу мониторингі, қоғамдық көлік, білім мен денсаулық сақтау салаларында цифрлы жобалар жүзеге асуда. Барлық цифрлы жобалар экономикалық тиімділік, ашықтық, кедергілерді және муниципиалды қызмет көрсету мерзімін қысқарту, өмір сүру мен бизнесті дамытуға жақсы жағдай жасау сияқты басты қағидаларға негізделген.

Қалалық актив барысында Алматыны дамыту орталығыныӊ басшысы Жанна Төлегенова Индустрия 4.0 мен қазірдіӊ өзінде жүзеге асқан Смарт Алматы жобалары туралы айтты. Оныӊ айтуынша, пилотты режим ретінде CISCO халықаралық компаниясымен бірге интеллектуалды көлік жүйесі қолға алынған. ТҮКШ, қоғамдық қауіпсіздік, денсаулық, білім, мемлекеттік қызмет көрсету салаларында смарт- жобалар іске асуда.

№71 мектеп- лицейдіӊ директоры С.Кулик Президенттіӊ халыққа арнаған Жолдауындағы басты міндеттіӊ бірі қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру екенін атап өтті.

"Ирине, басқа графикаға көшкен кезде міндетті түрде тіл жаӊарады. Еӊ алдымен бұл заманауи технологиялар мен коммуникацияларды енгізуге, 21 ғасырдағы ғылым мен білім процесстеріне қатысты. Латын графикасы барлық қолданыста мемлекеттіӊ тілдіӊ мәртебесін арттырады. Лингвистердіӊ айтуынша, осы жағдайда жаӊа терминдерді, өзге сөздерді қазақ тіліне енгізу проблемасы жойылып, біз өз фонетикамызға барынша жақындайтын боламыз. Ал бұл "Рухани жаӊғыру" бағдарламасында көрсетіліп, Президент Жолдауында айтылғандай Қазақстанныӊ әлемдік білім кеӊістігіне енуі болып табылады", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

тақырып бойынша жаңалықтар

Комментарии

Ең көп оқылғаны