16.04.2018, 15:32 7573

Бауыржан Байбек Түрксіб ауданыныӊ аулалары мен көшелерін абаттандыру жөнінде бірқатар тапсырмалар берді

Мысалы, жыл аяғына дейін Түрксіб ауданында жөнделген 80 ауладан өзге тағы да 50 аула жаӊарады.Модернизация аясында жарық көздері ауыстырылады, спорт және бала алаӊдары пайда болады, жолдар жөнделеді.

Алматы. 16 сәуір. Kazakhstan Today - Алматы әкімі Бауыржан Байбек күн сайынғы жұмыс сапары барысындаТүрксіб ауданыныӊ аулалары мен көшелерін абаттандыру жөнінде бірқатар тапсырмалар берді , сонымен қатар "Алматы-1" теміржол вокзалы мен оныӊ айналасын аралап көрді. Мегаполис басшысы аталған аудан қаладағы бұрынғы елді мекендердіӊ бірі әрі мұндағылардыӊ басым бөлігі жеке сектор екенін, сондықтан заманауи стандарттардыӊ барлығына жауап беретін жаӊа орталық қалыптастыру қажет екенін атап өтті.

"Жүргіншілер үшін жайлы жағдай тек қала орталығында ғана болуы тиіс емес.Орталықтандыру қағидасы бойынша қаланыӊ барлық аудандарында біз тұрғындар үшін көшелер мен аулаларды, жүргінші кеӊістіктерін жаӊартып, жасыл желекті кеӊейтеміз, парктер мен скверлерді тартымды етеміз. Жүргіншілер жүретін тротуарларды басып қалған заӊсыз құрылыстарды анықтау үшін жеке жұмыстар жүруде", - деді аралау кезінде Бауыржан Байбек.

Мысалы, жыл аяғына дейін Түрксіб ауданында жөнделген 80 ауладан өзге тағы да 50 аула жаӊарады.Модернизация аясында жарық көздері ауыстырылады, спорт және бала алаӊдары пайда болады, жолдар жөнделеді.

Биылғы жылы екі жер асты жолы күрделі жөнделеді және тоғыз көше жаӊарады. Ержанов көшесініӊ шығысын және Тынышбаев көшесініӊ оӊтүстігін алып жатқан "Детский- Балалар" саябағындағы балалар және спорт алаӊдары кеӊейеді, жасыл желек қоры ұлғайып, суару жүйесі орнатылады. Бұлардан өзге, Сауранбаев көшесі бойында жүргінші аймағын жасау қарастырылған.

Қала басшысы "Алматы-1" теміржол вокзалында болғанда оған айналаны жаӊарту,вокзалды күрделі жөндеуден өткізу және перрондарды кеӊейту туралы баяндалды. Бауыржан Байбек қала қызметтеріне жүргіншілерге қиындық туғызбау үшін вокзал алдындағы көлік қозғалысын ұйымдастыру сызбасын қайта қарауды, вокзал маӊындағыы сквер мен оныӊ айналасын абаттандыруды тапсырды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны