16.08.2026, 14:12 51816

"Байсерке аспаны - 2026": Алматы маңында ауқымды авиашоу өтіп жатыр

"Байсерке аспаны - 2026": Алматы маңында ауқымды авиашоу өтіп жатыр
Сурет: Алматы облысыныі әкімдігі
Алматы облысы Іле ауданының Байсерке ауылында жыл сайынғы "Байсерке аспаны - 2026" авиациялық мерекесі басталды. Ашық аспан астындағы шара авиация әуесқойларын, сала мамандарын, өңір тұрғындары мен қонақтарын бір алаңға жинады, деп хабарлайды облыс әкімдігінен.

Авиациялық мереке аясында өткен баспасөз мәжілісінде Қазақстандағы шағын авиацияны дамыту, жастарды техникалық мамандықтарға тарту, авиациялық мәдениетті қалыптастыру және Алматы облысының туристік әлеуетін арттыру мәселелері талқыланды.

Сарапшылар мұндай мерекенің балалар мен жасөспірімдерді ұшқыш, инженер және авиация технигі мамандықтарымен таныстыруға септігін тигізетінін атап өтті. Ұшақтарды жақыннан көріп, мамандармен тілдесу мүмкіндігі жастардың авиация мен инженерлік мамандықтарға қызығушылығын арттыруы мүмкін.

Қатысушылар шағын авиацияны дамытуға ерекше назар аударды. Олардың пікірінше, бұл үшін авиациялық мәдениетті арттырып, халыққа саланың мүмкіндіктері туралы айтып, ашық іс-шараларды тұрақты өткізу қажет.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны