"Байсерке аспаны - 2026" авиациялық шоуға 10 мыңға жуық көрермен жиналды
Сурет: gov.kz
Алматы облысындағы Байсерке аэродромында "Байсерке аспаны - 2026" ауқымды авиациялық шоуы ұйымдастырылып, іс-шараға 10 мыңға жуық көрермен қатысты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шара барысында қонақтарға түрлі әуе техникасының мүмкіндіктері мен кәсіби ұшқыштардың шеберлігі көрсетілді. Авиациялық бағдарламаға Ми-2 және Ми-8АМТ тікұшақтары, Ан-2, Як-18Т, Як-52, Як-55, Socata TB-10, Socata TB-20, Partenavia P.68 ұшақтары, сондай-ақ мотодельтапландар мен авиамодельдер қатысты.
Көрермендер үшін тәжірибелі ұшқыштардың жоғары пилотажы, Ми-8АМТ тікұшағы арқылы өрт сөндіру техникасының көрсетілімі және екі Ан-2 ұшағынан парашютшілердің жаппай десанты ұйымдастырылды. Бұдан бөлек, "Ромб" және "Веер" форматындағы топтық ұшулар көпшілік назарына ұсынылды.
Авиациялық шоудың қорытынды бөлімінде ұшқыштар мен парашютшілердің бірлескен көрсетілімі өтті. Бағдарлама "Небо Байсерке" гимні, барабан шоуы және салютпен аяқталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

