22.12.2008, 15:07 1678

"Базис-А" Алматыдағы Республика алаңында жер асты кешенін салуды 2009 жылдың ақпан айында қайта жандандыруды жоспарлауда

"Базис-А" Алматыдағы Республика алаңында жер асты кешенін салуды 2009 жылдың ақпан айында қайта жандандыруды жоспарлауда

Алматы. 22 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - "Базис-А" корпорациясы Алматыдағы Республика алаңында жер асты кешенін салуды 2009 жылдың ақпан айында қайта жандандыруды жоспарлауда. Бұл туралы бүгін корпорация директорлары кеңесінің төрағасы Александр Белович Алматы жұртшылығымен кездесуде айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біз келесі аптада қалаға өзіміз жасап жатқан жобаны дамыту жөніндегі жоспарды ұсынбақпыз. Онда көлік қозғалысын жер астына түсіру межеленген. Ал алаң жаяу жүргіншілерге арналатын болады. Ол үшін желтоқсан даңғылынан басталып, Фурманов көшесінің екінші бетіндегі "Океан" дүкенінің алдынан шығатын туннель қазу керек. Яғни, машиналар жер астымен жүреді деген сөз. Ондай жағдайда жаяу жүргіншілер алаңда еркін жүре алады", - деді А. Белович.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны