05.10.2007, 18:02 3249

"БАЗИС-А" корпорациясының баспасөз баяны

"БАЗИС-А" корпорациясының баспасөз баяны


"БАЗИС-А Корпорациясы" ЖШС директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырыста директорлар кеңесінің төрағасы А. Я. Белович жоғары мәртебелі элиталық жылжымайтын мүлік құрылысын салуды жалғастырудан өзге корпорация өзіне үйдің жаңа секторын игеруді бастайды, яғни, рынокқа аумағы аз пәтерлерді тиімді бағамен ұсына отырып, Астана мен Алматы қалаларында бизнес-кластың жаңа тұрғын үй кешендерін сатуды бастағалы отыр деп жариялады.

Алматы мен Астана қалаларында сатылымның басталу бағалары бекітілді. Жаңа тұрғын үй кешендерінде "БАЗИС-А" корпорациясынан жылжымайтын мүлікті пәтеріне 50 000 АҚШ долларынан жоғары бағамен алуға болады.

Сондай-ақ, жақын уақытта қазақстандық инвесторларға және үлестік қатысушыларға "БАЗИС-А" корпорациясынан сатылымы сол қалаларда басталып кеткен Санкт-Петербург, Новосібір, Мәскеу қалаларындағы пәтерлер ұсынылатын болады.

Элиталық үйлер сегментіне қатысты айтар болсақ, "БАЗИС-А" Алматыда "эксклюзив" класындағы коттедж кешендерін сатуды жариялады.

Тұрғын үй нарығындағы жаңа ұсынысы ретінде банктермен және сақтандыру компанияларымен "БАЗИС-А" корпорациясының үлескерлеріне басымдық беру туралы келісімдерге қол жеткізілгенін айта кеткен дұрыс. Атап айтқанда, ипотекалық несиелеу - жылына 13,5 % және үлескерлердің алдындағы үй салушының жауапкершілігін сақтандыру. Енді жылжымайтын мүлікке салынған үлескерлер ақшасы сақтандырылған.

Сондай-ақ, Қазақстан аумағында биылғы жылы пайдаға беру жоспарланған тұрғын үй және әкімшілік кешендері, сауда орталықтары белгіленген мерзімінде іске асырылады. Биылғы жылы бұл корпорация үшін ең жоғарғы көрсеткіш болып табылатын 450 000 шаршы метрді құрап отыр.

Келер 2008 жыл объектілерді пайдаға беру бұдан да нәтижелі болып, 600 000 шаршы метрден астам көлемді қамтиды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны