29.10.2018, 19:25 5099

Бегімбай Ұзақбаевтыӊ 70 жылдық мерейтойына арналған "Қоӊыр үнді қаламгер" атты шығармашылық кеш ұйымдастырылды

"Жалаӊтөс Баһадүр" тарихи романыныӊ, 21 көркем және деректі повестер, әӊгімелер мен ертегілер, көптеген ғылыми мақалалар, сонымен қатар көркем аудармалардыӊ авторы.

Қызылорда. 29 қазан. Kazakhstan Today - И.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында жазушы, Халықаралық жазушылар одағыныӊ мүшесі, ҚР Мәдениет қайраткері Бегімбай Ұзақбаевтыӊ 70 жылдық мерейтойына арналған "Қоӊыр үнді қаламгер" атты шығармашылық кеш ұйымдастырылды.

Шара барысында жазушыныӊ өмір жолына арналған бейне-ролик көрсетіліп, шығармаларынан кітап көрмесі ұйымдастырылды. Келген қонақтар Бегімбай Ұзақбаевтыӊ шығармаларыныӊ шұрайлы тілі, өзіндік жазу шеберлігі туралы өз пікірлерімен бөлісті, қаламгердіӊ баға жетпес мол мұраларын оқуға шақырды.

Айта кетейік, көркемдік әлеміне шығармашылығымен сара жол салған Бегімбай Ұзақбайұлыныӊ бүгінгі таӊда "Жалаӊтөс баһадүр", "Қарабура", "Сопы әзиз пір", "Марал баба", "Сартай батыр", "Байқазақ", "Алдаспандар рухы" тарихи романдарымен бірге 17 прозалық кітабы, 21 әдеби көркем деректі повестері, 67 әӊгімелер мен хикаялар және 27 ертегі жарық көрген. Қаламгердіӊ көптеген туындылары республикалық байқауларда жүлделі орындарға ие болды. Еліміздіӊ дамып, өркендеуіне, ел ынтымағыныӊ нығаюына көркем шығармашылығымен үлес қосқаны үшін жазушы "Еӊбектегі ерлігі үшін", "Ерен еӊбегі үшін", "ҚР тәуелсіздігіне 10 жыл", "ҚР тәуелсіздігіне 20 жыл", "ҚР Конституциясына 10 жыл" медальдарымен және Халықаралық Жазушылар одағыныӊ "М.А.Шолохов" медалімен марапатталды. Арал және Қазалы аудандарыныӊ "Құрметті азаматы".

Жазушы, аудармашы Арал және Қазалы аудандарыныӊ құрметті азаматы, республикалық "Жалаӊтөс Баһадүр" қоры төрағасыныӊ орынбасары Бегімбай Ұзақбаев биыл 70 жас мерейтойын атап өтті.

Бегімбай Ұзақбаев С.М.Киров атындағы Қазақ ұлттық университетініӊ (қазіргі Ил-Фараби) түлегі, ұзақ жылдар бойы журналистика мен мемлекеттік қызметте жұмыс істеді.

"Жалаӊтөс Баһадүр" тарихи романыныӊ авторы, 21 көркем және деректі повестер, әӊгімелер мен ертегілер, көптеген ғылыми мақалалар, сонымен қатар көркем аудармалардыӊ авторы.

Облыс тұрғындарыныӊ атынан өӊірдіӊ мәдениетін дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс айқан облыс әкімі бұдан бұрын оған Қызылорда облысыныӊ "Құрмет" грамотасын табыстаған болатын.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны