29.03.2012, 12:04 3458

Бейсенбі күні еліміздің басым аумағы жауын-шашынды болады

Қазақстан аумағының көптеген бөлігі 29 наурыз күні циклонның ықпалында болады, жауын-шашын, тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, жекелеген аудандарда бұрқасынды желдердің болатыны күтілуде.

Астана. 29-наурыз. Kazakhstan Today - Бейсенбі күні еліміздің басым аумағы жауын-шашынды болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан аумағының көптеген бөлігі 29 наурыз күні циклонның ықпалында болады, жауын-шашын, тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, жекелеген аудандарда бұрқасынды желдердің болатыны күтілуде.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында 15-20 м/с жылдамдықпен соғатын жел күтілуде, түнде Ақмола және Солтүстік Қазақстан облысатарында жел екпіні 25 м/с, кейбір жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады, деп хабарлайды Қазақпарат.

Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында желдің секундына 15-22 метрге дейін күшеюі, Қарағанды облысында - кейбір жерлерде тұман, көктайғақ болады деп күтіліп отыр.

Атырау, Маңғыстау облыстарында - кейбір жерлерде тұман түседі. Оңтүстік Қазақстан облысында - кейбір жерлерде 15-20 м/с жылдамдығымен жел соғады, түнде жел екпіні 28 метрге дейін жетеді, кейбір жерлерде шаңды дауыл, найзағай ойнайды деп күтілуде.

Қызылорда облысында - кейбір жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, шаңды дауыл болады. Алматы облысындағы Жалаңашкөл ауданында желдің секундына 20-25 метрге дейін күшеюі, жел екпіні 30 м/с дейін жетеді деп күтіледі.

Жақын тәуліктерде Сырдария өзенінде, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының өзендерінде мұз құрсауының босауы мен еруі күтіліп отыр. Шығыс Қазақстан облысының шағын өзендері мен жылғаларында беткейлік ағыстардың күшеюі, су деңгейлерінің күрт көтерілуі, бұл ретте тасқындар мен топан су басуы мүмкін. Оңтүстік Қазақстан облысында күтіліп отырған жаңбырларға байланысты тасқындардың болуы күтілуде. Алматы және Жамбыл облыстарының төменгі таулы өзендерінде су деңгейінің көтерілуі күтіліп отыр. Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Атырау облыстарының жекелеген өзендерінде көктемгі үрдістердің дамуы күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны