24.01.2013, 10:02 3268

Бейсенбі күні еліміздің басым аумақтарында боран болып, жел күшейеді

ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі "Қазгидромет" РМК мәліметіне қарағанда, 24-ші қаңтарда еліміздің басым аумақтарында қар жауып, боран соғады, желдің екпіні күшейеді. Кейбір аудандарда тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжануда.

Астана. 24-қаңтар. Kazakhstan Today - Бейсенбі күні еліміздің басым аумақтарында боран болып, жел күшейеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі "Қазгидромет" РМК мәліметіне қарағанда, 24-ші қаңтарда еліміздің басым аумақтарында қар жауып, боран соғады, желдің екпіні күшейеді. Кейбір аудандарда тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжануда.

Алматы облысының кейбір жерлерінде тұман түседі, Жалаңашкөл ауданында 18-23 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз желдің екпіні секундына 28 метрге жетеді. Ақмола, СҚО, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында боран соғады, ШҚО және Павлодар облыстарында желдің екпіні 26 м/с. дейін күшейеді.

Қостанай, Қарағанды облыстарында желдің екпіні 15-20 м/с жетіп, боран соғады, түнде және таңертеңгі уақытта тұман түседі, көктайғақ болады. Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кейбір аумақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады. Жамбыл, ОҚО, Қызылорда облыстарында да тұман түсіп, жел күшейеді. Қызылорда облысында көктайғақ болады деп болжануда, ал Маңғыстау облысында тұман түседі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны