01.12.2011, 11:10 3037

Бейсенбі күні Қазақстанның басым аумағында ауа райы тұрақсыз болады

Бейсенбі күні Қазақстанның басым аумағы арқылы атмосфералық ағым айырықтары өтуі себепті ауа райы тұрақсыз болады. Болжам бойынша, Астанада бейсенбі күні ала бұлтты, күндіз қар жауады, оңтүстіктен 9-14 м/с жел соғады, ауа температурасы -7-9ИС. Алматыда ала бұлтты, 0-5 м/с жел тұрады, ауа температурасы +5+7ИС.

Алматы. 1-желтоқсан. Kazakhstan Today - Бейсенбі күні Қазақстанның басым аумағында ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазТаг ақпараттық агенттігінің "Қазгидромет" болжамына сілтеме жасай отырып хабарлауынша, бейсенбі күні Қазақстанның басым аумағы арқылы атмосфералық ағым айырықтары өтуі себепті ауа райы тұрақсыз болады.

Болжам бойынша, Астанада бейсенбі күні ала бұлтты, күндіз қар жауады, оңтүстіктен 9-14 м/с жел соғады, ауа температурасы -7-9ИС.

Алматыда ала бұлтты, 0-5 м/с жел тұрады, ауа температурасы +5+7ИС.

Синоптиктердің мәліметтерінше, Қазақстанның солтүстігінде кей жерлерінде қар жауады. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, облысында аздап қар жауады, кей жерлерінде сырма соғып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болып, ауа температурасы сәйкесінше, -5-10, -4-9 және -5-10ИС болады. Павлодар облысында аздап қар жауады, ауа температурасы осы өңірде -7-12ИС болады.

Қарағанды облысында қар жауады, тұман түседі, ауа температурасы -8-13 градус болады. Шығыс Қазақстан облысында қар жауады, кей жерлерінде бұрқасын, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерінде тұман түседі, ауа температурасы -7-12ИС.

Алматы облысында жауын-шашын күтілмейді, түнде және таңертең кей жерлерінде тұман түседі, Жалаңашкөл көлінің аумағында 18-23 м/с жел соғып, екпіні 28 м/с болады, ауа температурасы +2+7ИС. Жамбыл облысында жауыншашын, кей жерлерінде тұман түседі, 15-20 м/с жел соғады, ауа температурасы +3+8 градус. Оңтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын, тұман түседі, ауа температурасы +3+8 градус болады. Қызылорда облысында қар жауады, кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақтанып, ауа температурасы 0-5ИС.

Республиканың батысында күн жауын-шашынды. Ақтөбе облысында қар жауады, кей жерлерінде сырма соғады, жел 15-20 м/с болады, ауа температурасы 0-5 градус.

Маңғыстау, Атырау облысында қар жауады, кей жерлерінде тұман, көктайғақ, ауа температурасы сәйкесінше 0+5 және 0-5 градус. Батыс Қазақстан облысында аздап қар жауып, ауа температурасы 0-5ИС болады.

Алдағы күндері Қазақстанның басым аумағындағы өзен-көлдерінде мұз қату одан ары жалғасып, республиканың шығысының жекелеген өзендеріндегі су деңгейі мұз тоспалар себебінен күрт көтерілуі ықтимал, оның ішінде Ертіс өзені Семиярское селосының маңында мұз тоспалар себебінен өзен арнасынан асуы ықтимал. Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөлігінің өзен көлдерінде мұз қату үдерісі одан ары жалғасып, таулы өзендерде де мұз қата бастайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны