26.04.2012, 14:59 3511

Бейсенбі күні Қазақстанның көптеген аймағында күшті жел тұруы ықтимал

Қазақстанның батысы мен оңтүстік-шығысында антициклонның ықпалы сақталады. Осыған байланысты күн райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде.

Астана. 26-сәуір. Kazakhstan Today - Бейсенбі күні Қазақстанның көптеген аймағында күшті жел тұруы ықтимал, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Қазгидромет" РМК хабарлауынша, Қазақстанның батысы мен оңтүстік-шығысында антициклонның ықпалы сақталады. Осыған байланысты күн райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде.

Республиканың қалған аумағында атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты аздаған жаңбыр мен бұршақ жауып, жел күшейюі ықтимал.

Жамбыл, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, күндіз Қостанай облыстарының жекелеген жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, күндіз таулы аудандарда бұршақ жаууы ықтимал.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, күндіз және түнде тұман болады деп күтілуде. Атырау облысының жекелеген жерлерінде құмды дауыл тұрып, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны