19.02.2015, 09:27 3961

Бейсенбі күні республиканыӊ басым бөлігінде жел күшейеді - Қазгидромет

19 ақпан күні Қазақстан территориясыныӊ басым бөлігі антициклонныӊ ықпалында болғандықтан, сонымен байланысты жауын-шашынсыз болады, тек батыс және солтүстік-батыс бөлігінде кей жерлерде жауын-шашын, бұрқасын, тұман, көктайғақ, жел күшеюі күтіледі. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады

Астана. 19 ақпан. Kazakhstan Today - 19 ақпан күні Қазақстан территориясыныӊ басым бөлігі антициклонныӊ ықпалында болғандықтан, сонымен байланысты жауын-шашынсыз болады, тек батыс және солтүстік-батыс бөлігінде кей жерлерде жауын-шашын, бұрқасын, тұман, көктайғақ, жел күшеюі күтіледі. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жамбыл, Оӊтүстік Қазақстан облыстарыныӊ кей жерлерінде тұман, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Ақтөбе облысыныӊ кей жерлерінде бұрқасынмен жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысыныӊ түнде және таӊертеӊ кей жерлерінде тұман, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысыныӊ түнде кей жерлерінде бұрқасынмен жел 15-20 м/с болады. Ақмола, Алматы облыстарыныӊ түнде және таӊертеӊ кей жерлерінде тұман байқалады. Маӊғыстау облысыныӊ кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны