05.04.2012, 09:18 4168

Бейсінбі күні еліміздін басым аумағында жауын-шашынды болады

ШҚО өзендерінде мұз бөгелістері, тасқындар мен су басулар болу мүмкін, деп хабарлайды "Қазгидромет" МРК.

Астана. 5-сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін Қазақстан аумағының көптеген бөлігі антициклон ықпалында болады, республиканың тек оңтүстігі мен шығысында атмосфералық фронтальдық бөліктердің өтуімен кейбір жерлерде көбінесе жаңбыр жауып, жел күшейеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ШҚО өзендерінде мұз бөгелістері, тасқындар мен су басулар болу мүмкін, деп хабарлайды "Қазгидромет" МРК.

Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, түнде Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарында кейбір жерлерде тұман түседі. Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында түнде кейбір жерлерде тұман түсіп, жел 15-20 м/с дейін күшеюі ықтимал. Жамбыл облысында түнде кейбір жерлерде тұман түсіп, күндіз жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін болады.

Жақын тәуліктерде Орал (БҚО бойынша), Есіл, Тобыл, Ертіс өзендерінде мұз құрсауының одан әрі көбесінің сөгілуі мен еруі күтіледі. ШҚО өзендері мен бұлақтарында мұз еріп, сең жүруі, беткейлік ағындардың, мұз бөгелістерінің құрылуы, тасқындар мен су басулардың орын алу мүмкіндігі зор. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының өзендерінде су деңгейінің ауытқулары байқалады. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды облыстарында тасқындардың күшеюі, су деңгейінің көтерілуі күтіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны