08.02.2012, 16:49 3165

Бейсінбі күні Қазақстанның басым аумағында ауа райы тұрақсыз болады

Бейсінбі күні Қазақстанның басым аумағында ауа райы тұрақсыз болады

Астана. 8-ақпан. Kazakhstan Today - Бейсінбі күні Қазақстанның басым аумағында ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Қазгидромет" РМК хабарлауынша, с

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының жекелеген жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтуде. Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, шалғай орналасқан аудандарда тұман болуы мүмкін.

Қарағанды, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман болады деп күтілуде. Күндіз Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының жекелеген жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғуы ықтимал.

Алматы облысының Алакөл ауданында 18-23 м/с жылдамдықпен оңтүстік-шығыстан жел соғады, желдің екпіні секундына 28 метрге дейін күшеюі мүмкін.

Алдағы тәулікте Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарындағы өзендердің денінде мұз қату процестеріне байланысты су деңгейлерінің ауытқуы байқалады. Жекелеген өзендерде су деңгейінің кенеттен көтерілуінен су басу жағдайлары болуы ықтимал. 9-10 ақпанда Шардара су қоймасына секундына 1350 текше метр су келеді деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны