15.12.2011, 12:34 3204

Бейсінбі күні Қазақстанның кей аймақтарында қар жауып, боран соғады деп күтілуде

ҚазАқпарат агенттігінің "Қазгидромет" болжауына сілтеме жасай отырып хабарлауынша, бейсенбі, 15 желтоқсан күні атмосфералық фронталды бөліктердің ығысуымен елдің кей өңірлерінде қар, күшті желдер мен бұрқасын күтіледі. Жекелеген аумақтарда аязды күн райы сақталады. Республиканың батысында антициклон тарамдарының жайылуымен ауа райы жауын-шашынсыз, аязды болады.

Астана. 15-желтоқсан. Kazakhstan Today - Бейсінбі күні Қазақстанның кей аймақтарында қар жауып, боран соғады деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің "Қазгидромет" болжауына сілтеме жасай отырып хабарлауынша, бейсенбі, 15 желтоқсан күні атмосфералық фронталды бөліктердің ығысуымен елдің кей өңірлерінде қар, күшті желдер мен бұрқасын күтіледі. Жекелеген аумақтарда аязды күн райы сақталады. Республиканың батысында антициклон тарамдарының жайылуымен ауа райы жауын-шашынсыз, аязды болады.

Атап айтқанда, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, түнде және таңертең Қостанай, Ақмола, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман болады.

Шығыс Қазақстан облысында - тұман түсіп, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Жамбыл облысында тұман мен секундына 15-20 метр күшпен ұйытқитын жел күтіледі.

Алматы облысының жекелеген аумақтарында тұман, көктайғақ, түнде Жалаңашкөл аумағында 18-23 м/с жылдамдықтағы жел болжануда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны