21.01.2011, 16:44 5015

Бейжіңде бір аптаның ішінде А/H1N1 тұмауын жұқтырудың 33 оқиғасы тіркелді

Бейжіңде бір аптаның ішінде А/H1N1 тұмауын жұқтырудың 33 оқиғасы тіркелді. Бұл туралы бейсенбі күні Бейжің денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

БЕЙЖІҢ. 21 - қаңтар. Kazakhstan Today - Бейжіңде бір аптаның ішінде А/H1N1 тұмауын жұқтырудың 33 оқиғасы тіркелді. Бұл туралы бейсенбі күні Бейжің денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, 10-16 қаңтар аралығында Қытай елордасында А/H1N1 тұмауымен ауырудың 33 оқиғасы тіркелген.

"Синьхуа" агенттігінің хабарлауынша, Бейжің денсаулық сақтау ведомствосы ақпан айында атап өтілетін Көктем мерекесіне - Ай күнтізбесі бойынша Қытай Жаңа жылына байланысты А/H1N1 тұмауын жұқтыру оқиғаларының көбею ықтималдығы туралы ескертіп отыр. Бұл мереке кезінде қытайлықтардың дені, негізінен ауылды жерде тұратын мигрант-жұмысшылар, студенттер, мерекені отбасыларда қарсы алу үшін үйлеріне барады.

Аурулардың алдын алу және олардың ошақтарын бақылау жөніндегі Бейжің орталығының басшысы Дэн Инның айтуынша, айдың басынан бері, яғни 1 қаңтар мен 16 қаңтардың аралығында Бейжіңде А/H1N1 тұмауының 51 оқиғасы тіркелген. Олардың біреуі - ауыр жағдайда, дегенмен әзірге адам өлімі тіркелген жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны