17.04.2007, 12:40 2861

"Бекіре-2007" акциясы барысында 3,8 тонна балық, олардың ішінде бір тоннаға жуық бекіре тұқымдас балықтар тәркіленді

АСТАНА. 17 сәуір. Kazakhstan Today. "Бекіре-2007" акциясы барысында 3,8 тонна балық, олардың ішінде бір тоннаға жуық бекіре тұқымдас балықтар тәркіленді.Бұл туралы ҚР ІІМ табиғат қорғау полициясынан хабарлады.

Табиғат қорғау полициясының ақпараттарынша, 32 заң бұзушы ұсталып, олардың алтауы ҚР ҚК 183 бабы бойынша /қылмыстық жолмен тапқан мүлікті иемденіп, саудаға салу жөніндегі / қылмыстық жауапкершіліке тартылды. Ал 12 адам әкімшілік жауапқа тартылып, барлығына жалпы сомасы 39,4 мың теңге айыппұл салынды.

Батыс ІІМ көліктегі полициясы Атырау вокзалында Өзбекстан азаматшасын тоқтатып, жеке заттарына тінту жүрігзген. Одан 490 кг балық тәркіленді. Осы дерек бойынша ҚР ҚК 183 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстары мен Батыс ІІМ көліктегі құқық қызметкерлері биылғы 10 сәуір мен 31 мамыр аралығында "Бекіре -2007" шарасын өткізуде. Бұл балық тұқымдарын сақтау және Орал-Каспий су айдынында заңсыз балық аулаушылыққа тосқауыл қою мақсатымен жүргізіліп отыр. Шара барысында ішкі істер органдарының 500 қызметкері, 45 автокөлік пен 10 жүзетін көлік тартылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны