08.06.2016, 17:21 3832

"Бекіре-2015" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу нәтижелері туралы баспасөз релизі

Ішкі істер министрлігі Орал-Каспий бассейні аумағында браконьерлік пен балық және балық өнімініӊ заӊсыз айналымы фактілерін анықтау және жолын кесуге бағытталған "Бекіре" жедел профилактикалық іс-шарасын өткізді

Астана. 8 маусым. Kazakhstan Today - Ішкі істер министрлігі Орал-Каспий бассейні аумағында браконьерлік пен балық және балық өнімініӊ заӊсыз айналымы фактілерін анықтау және жолын кесуге бағытталған "Бекіре" жедел профилактикалық іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Іс-шараны өткізуге Атырау, Маӊғыстау, Батыс Қазақстан облыстары ІІД-ніӊ және Батыс өӊірініӊ көліктегі полициясыныӊ, сондай-ақ ҰҚК-ніӊ Шекара қызметініӊ, Табиғатты қорғау прокуратурасыныӊ және балық қорғау органдарыныӊ күштері мен құралдары жұмылдырылды.

Жедел-профилактикалық іс-шара шеӊберінде заӊсыз балық аулау, сатып алу, сату фактілерін ашу, балық және балық өнімдерін көлік құралдарымен тасымалдауға жол бермеуге ерекше көӊіл бөлінді.

Мысалы, Маӊғыстау облысы ІІД табиғатты қорғау полициясыныӊ қызметкерлері Ақтау қаласында 1982 ж.т. жергілікті тұрғыныныӊ басқаруындағы "Дэу-Нексия" автокөлігін ұстады, одан заӊсыз тасымалдаған 119 кг бекіре тұқымдас балық табылып, алынды.

Маӊғыстау облысы ІІД табиғатты қорғау полициясыныӊ қызметкерлері "Ақтау-Форт-Шевченко" тас жолында 1980 ж.т. Ақтау қаласыныӊ тұрғыныныӊ басқаруындағы "Хюндай-Сантафе" автокөлігін ұстады, одан Қазақстан Республикасыныӊ Қызыл кітабына енгізілген 43,7 кг "Құтым" балығы табылып, алынды. Келтірілген зиян сомасы 9 млн. теӊгеден асады.

Көліктегі ІІД-ніӊ Атырау стансасындағы КІІб-ніӊ полиция қызметкерлері "Атырау-Маӊғышлақ" бағытымен жүретін поезда 1973 ж.т. жергілікті тұрғынын ұстады, одан заӊсыз тасымалдаған 10 кг қара уылдырық табылып, алынды. Бұл фактілер бойынша материалдар ҚК-ніӊ 339-бабы бойынша СДТТБТ тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Жалпы іс-шаралар нәтижесі бойынша 529 құқық бұзушылық, оныӊ ішінде 443 - заӊсыз балық аулау, 10 - сатып алу мен сату, 76 - балық және балық өнімдерін тасымалдау фактілері анықталды.

529 құқық бұзушы ұсталды, олардан 24,7 тоннадан астам балық, оныӊ ішінде 1,6 тонна бекіре тұқымдас балық және 14 кг. уылдырық алынды.

СДТТБТ-ға 160 қылмыстық құқық бұзушылық фактісі тіркелді. 430 астам әкімшілік хаттама толтырылды, 2,8 миллион тенгеге жуық әкімшілік айыппұл өндірілді. Анықталған табиғатты қорғау заӊнамасын бұзушылық фактілері бойынша келтірілген зиян сомасы 9,5 миллионнан астам теӊгені құрады.

Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны