09.02.2016, 12:14 3150

Бекіре балығын базарлыққа апарудан сақ болыӊыз

Жағалау өӊірлік басқармасыныӊ "Атырау" шекара отрядына қарасты "Ганюшкино теміржол" өткізу бекетініӊ шекарашылары "Атырау-Астрахань" бағытымен жүргелі тұрған № 625 жолаушылар пойызын тексеру барысында 1950 жылы туған қазақстандық азаматшаныӊ қол жүгінен жалпы салмағы 2 кг 300 гр. бекіре тұқымдас балық тапты.

Астана. 9 ақпан. Kazakhstan Today - Жағалау өӊірлік басқармасыныӊ "Атырау" шекара отрядына қарасты "Ганюшкино теміржол" өткізу бекетініӊ шекарашылары "Атырау-Астрахань" бағытымен жүргелі тұрған № 625 жолаушылар пойызын тексеру барысында 1950 жылы туған қазақстандық азаматшаныӊ қол жүгінен жалпы салмағы 2 кг 300 гр. бекіре тұқымдас балық тапты. Шекарашылар ұзақ жол жүріп бара жатқан егде азаматшаныӊ көӊіл-күйін түсіргісі келмесе де, заӊныӊ аты - Заӊ. Өзен-көлдеріміздіӊ байлығы саналатын бұндай базарлықты ешқандай құжатсыз алып шығуға тиым салынған. Тәркіленген балық актімен "Орал - Атырау" бекіре зауытына берілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.



ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны