28.05.2007, 13:32 2552

"Бекіре" шарасының барысында 41 тонна балық, соның ішінде 4 тоннадан астам бекіре тұқымдас балық пен 154 килограмм уылдырық тәркіленді

АСТАНА. 28-мамыр. Kazakhstan Today. "Бекіре" шарасының барысында 41 тонна балық, соның ішінде 4 тоннадан астам бекіре тұқымдас балық пен 154 килограмм уылдырық тәркіленді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ІІМ-нің табиғат қорғау полициясы бөлімінен хабарлады.

Табиғат қорғау полициясының ақпаратына сәйкес, 10-сәуір мен 26-мамыр аралығында ішкі істер органдары 787 заң бұзушылықты, соның ішінде заңсыз балық аулауға қатысты 692, заңсыз сатып алу немесе сатуға қатысты 27, балық және балық өнімдерін заңсыз тасымалдауға қатысты 68 деректің бетін ашты. "79 қылмыстық іс қозғалып, 621 заң бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 1,9 млн теңгенің айыппұлы салынды",- деп хабарлайды бөлімдегілер. Тәртіп сақшыларының ақпаратына сәйкес, заң бұзушылардан 759 балық аулау құралы, 54 жүзу құралы тәркіленді.

Атап айтсақ, өткен аптада Орал-Атырау трассасында полиция қызметкерлері Орал тұрғыны айдаған "КАВЗ" автокөлігін ұстады. Жүк көлігінен тексеру барысында арнайы құжаттары жоқ бір тоннадан астам балық табылып тәркіленді.

Балық ресурстарын қорғау мен браконьерліктің алдын алуға бағытталған "Бекіре" шарасын ІІМ балық қорғау органдарымен, шекара қызметімен, кеден органдарымен бірлесе отырып іске асырады. "Бекіре-2007" шарасы Орал -Каспий аймағында 10-сәуір мен 31-мамыр аралығында жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны