09.09.2015, 12:07 4042

Бекіре тұқымдас балық еті табылды

"Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында көлік полицейлері Атырау теміржол вокзалында 42 жастағы Атырау қаласыныӊ тұрғынын анықтап

Астана. 9 Қыркүйек. Kazakhstan Today - "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында көлік полицейлері Атырау теміржол вокзалында 42 жастағы Атырау қаласыныӊ тұрғынын анықтап, ұстады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Тексеру кезінде аталған азаматтан тиісті құжаттарынсыз жалпы салмағы 10 келі болатын бекіре тұқымдас балық еті табылып, тәркіленді.

Қазіргі уақытта осы факті бойынша сараптама тағайындалып, ҚР ҚК-ніӊ 339-бабына ( Өсiмдiктердіӊ немесе жануарлардыӊ сирек

кездесетiн және құрып кету қаупi төнге сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардыӊ бөліктерімен немесе дериваттарымен заӊсыз айналысу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Көліктегі ІІД баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны