06.12.2006, 15:04 2933

Бекіре тұқымдас балықтарды аулауға Қазақстанға 2007-жылға берілген квота 6,4 процентке азайтылды

БАКУ. 6-желтоқсан. Kazakhstan Today. Бекіре тұқымдас балықтарды аулауға Қазақстанға 2007-жылға берілген квота 6,4 процентке азайтылды. Осындай шешім Каспий теңізінің биоресурстары жөніндегі комиссияның 29-30-қарашада Мәскеуде өткен отырысында қабылданды. Онда Каспий маңындағы елдерге бекіре тұқымдас балықтар аулауға берілетін квота бекітілді.

Изербайжанның экология және табиғи ресурстар жөніндегі министрлігінен Kazakhstan Today агенттігіне хабарлағанындай, бекіре тұқымдас балықтарды аулуға берілген жалпы квота мөлшері 1071 тоннаны құрайды. Бұл 2006-жылғыдан 3,1 процент төмен.

Мәселен, Ресейге бекіре тұқымдас балықтар аулауға 286,5 тонна (11,4 процентке артық), Түрікменстанға 62 тонна , Изербайжанға 90 тонна, Иранға бекіре тұқымдас балықтар аулауға 450 тонна (10 процентке төмен), Қазақстанға 182,5 тонна (6,4 процентке төмен) мөлшерінде квота бөлінді.

Изербайжанға қара уылдырық пен бекіре тұқымдас балықтың еттерін экспорттауға берілген квота мөлшері 2006-жылғымен салыстырғанда 2,5 процентке көтерілді.

Министрліктің хабарлауынша, бекіре тұқымдас балықтарды аулауға квота бөлу мәселесін қарау 4 күнге созылды. Тараптар 20-22-қарашада Астанада бұл мәселе бойынша келісімге келе алмаған болатын.

Басқа барлық мәселелер бойынша тараптар мәмілеге келді. Мәселен комиссия бекіре тұқымдас балықтардың қоры мен олардың популяциясын , балықтың жем қорын зерттеу жөніндегі аймақтық бағдарламаны бекітіп, бекіре тұқымдас балықтарды 2007-2009-жылдарда аулау мөлшерін айқындады. Бұған қоса судағы биоресурстарды тиімді пайдалану және қорғау, бірлесіп басқаруға бағытталған шаралардың 2007-2009-жылдарға арналған жоспары қабылданды. Сонымен бірге комиссия асыл тұқымды балық түрлерін ұдайы өсірумен шұғылданатын халықаралық кешен құру жөніндегі жұмыс тобының есебін тыңдады.

Барлық материалдар қара уылдырық пен бекіре тұқымдас балық етін экспорттауға арналған 2007-жылғы квотаны белгілеу үшін CITES хатшылығына жолданды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны