03.08.2020, 17:36 5972

Бекшин: дезинфекция адамдарға қауіпсіз ерітіндімен жасалады

Ж.Бекшин бүкіл әлемде ерекше қауіпті инфекциялардың алдын алуда дезинфекция жасау тиімді әдістердің бірі болып табылатынын атап өтті. Коронавирус та қауіпті инфекцияға жатады.

Алматы. 3 тамыз. Kazakhstan Today - Дезинфекция адамдарға қауіпсіз ерітіндімен жасалады.Ол коронавирустың алдын алу үшін қажет.

Алматы қаласының Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мегаполисте жүргізіліп жатқан ауқымды дезинфекцияға қатысты түсіністеме беріп, оны коронавирус инфекциясының алдын алуда маңызды құралдардың бірі деп атады.

Ж.Бекшин бүкіл әлемде ерекше қауіпті инфекциялардың алдын алуда дезинфекция жасау тиімді әдістердің бірі болып табылатынын атап өтті. Коронавирус та қауіпті инфекцияға жатады.

"Коронавирус ауада көп тұрмайтын ірі вирус болып табылады. Ол беткі қабаттарға қонады: тұтқа, баспалдақты марштарда, есік тұтқаларында, аула аумақтарында, сол себепті дезинфекция жүргізу қажет", - деді ол.

Сонымен бірге, Жандарбек Бекшин коронавируспен күресте сертификатталған, тек Қазақстанда ғана емес, сонымен бірге, ЕЭО елдерінде тіркелген дезинфекциялық құралдар пайдаланылатынын айтты. Негізінен белгілі мөлшердегі Глюкозамин және Акма Хлор қолданылады, олар адам үшін қауіпсіз: Глюкозамин 0,003 % мөлшерлік дозасында, Акма Хлор 0,05 мөлшерінде пайдаланылады, бұл - қауіпсіз ерітінді.

Қала аумағын дезинфекциялауда пайдаланылатын дезинфекциялық құралдардың мөлшеріне тұрақты түрде бақылау жүргізіледі.

"Ағымдағы жылы мердігер ұйымдардың жұмысы кезінде лабораториялық тексеру үшін 285 сынаманы іріктеп алдық. Осы ұйымдардың жұмысына үнемі зертзаналық бақылау жүргізіледі", - деп атап өтті қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Ж.Бекшин.

Сонымен бірге, Жандарбек Бекшин әлеуметтік желілерде дезинфекциялық жұмыстардан пневмония туындайды-мыс деп таралып жүрген ақпаратқа қатысты түсініктеме беріп өтті. Шаһардың бас санитар дәрігері дезинфекция пневмония тудырады деген пікірді жоққа шығарды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны