18.12.2008, 18:26 3009

Беларусь елінің жүз тұрғыны АЭС құрылысын салуға кедергі келтіруге талпыныс жасады

Беларусь елінің жүз тұрғыны АЭС құрылысын салуға кедергі келтіруге талпыныс жасады

Алматы. 18 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Беларусь Республикасының Гродно облысы Островецкий ауданының тұрғындары осы облыста бірінші АЭС салу жобасына қарсылық білдірді, деп хабарлайды агенттік тілшісі telegraf.by. ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Облыстың 106 тұрғыны станция салуға қарсылық білдіріп, ЕО елдеріне, Халықаралық атом энергиясы агенттігіне және ел президенті Александр Лукашенконың атына мәлімдеме жолдады.

Беларусь Республикасының бірінші АЭС-і әрқайсысы бір мың мегаваттан екі блоктан тұрады. Біріншісін - 2016 жылы, екіншісін - 2018 жылы пайдалануға беру жоспарланған. Құрылыс жұмыстары 2009 жылы басталады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны