02.07.2008, 18:01 1346

Беларусь жаңа және қалпына келетін қуат көздерінің өндірістік технологиясын барлық елдерге беруді қамтамасыз етудегі БҰҰ рөлін нығайтуға шақырады

Беларусь жаңа және қалпына келетін қуат көздерінің өндірістік технологиясын барлық елдерге беруді қамтамасыз етудегі БҰҰ рөлін нығайтуға шақырады

Алматы. 2 шілде. "Қазақстан Бүгін" - БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде өткен Экономикалық және әлеуметтік кеңестің сессиясында сөйлеген сөзінде Беларусь Республикасының экономика министрі Николай Зайченко Біріккен Ұлттар Ұйымының жаңа және қалпына келетін қуат көздерінің өндірістік технологиясын барлық елдерге беруді қамтамасыз етудегі рөлін нығайтуға шақырды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі БҰҰ жаңалықтар орталығына сілтеме жасай отырып.

Министр Мыңжылдықтың даму мақсаттарына қол жеткізу әлемдік қоғамдастықтың бірқатар маңызды проблемаларды өз деңгейінде елеп-ескеруін қажет ететіні жөнінде мәлімдеді. Ол проблемалардың бастылары - азық-түлік дағдарысы, энергия ресурстарына бағаның бұрын-соңды болмаған деңгейде өсуі, сондай-ақ, ауа-райының өзгеруі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны