06.06.2008, 16:03 3091

Белгісіз адамдар 7 жасар жетімнің апайын "Халық банкінің" атына кешірім сұрап, хат жазуға мәжбүр еткен

Белгісіз адамдар 7 жасар жетімнің апайын "Халық банкінің" атына кешірім сұрап, хат жазуға мәжбүр еткен

Алматы. 6 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Белгісіз адамдар 7 жасар жетім қыздың апайын "Халық банкінің" атына кешірім сұрап, хат жазуға мәжбүр етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Бүгін агенттіктің атына "Халық банкінің" баспасөз қызметінен Васильева Наталья Николаевна жазды деген сканерден өткізілген хат тіркелген ресми хат келді. Хат мәтіні басқа да Қазақстан сайттарында пайда болды.

"Мен, Васильева Н.Н., менің марқұм болған әпкем Васильева Л.Н. несиелік оқиғасына қатысты "Халық банкінен" кешірім сұраймын. Шындығында "Халық банкінің" Арқалық өңірлік кассалық бөлімінің қызметкерлері несиені жою жөнінде өтініш жазуды ұсынған болатын. Алайда, маған бір адамдар келіп, істі сотқа дейін жеткізуге көндірді. Олар қорғаушының ақысын, жолақыны және Қостанай қаласында тұратын ақшаны өтеп берді. Бейнекамера мен ұялы телефон берді", - деп көрсетілген хатта.

Иріқарай әйел адам былай деп жазған: "Мен қайғы жұтқан адам едім. Бұл адамдарды білмеймін. Олар мені өз жоспарларына тартты. Мен, шынын айтқанда, қоғам тарапынан бұлай шу шығарын күтпеп едім. Кейін қалыптасқан жағдайға байланысты шу шыққан кезде мен банктің атына менің марқұм әпкемнің несиесін өшіріп тастау жөнінде өтініш жаздым. "Халық банкі" біздің несиемізді жойды".

Агенттік тілшісі Наталья Васильевамен хабарласып, бұл хатқа түсінік беруді өтінген. Ол "кешірім сұраған" хаттың мәтінін ол құрастырмағанын және хатты марқұм әпкесінің несиесі жойылады деп берілген уәдеге жауап ретінде жазғанын хабарлады.

"Бұл барлық тараптар жағынан жасалып жатқан қысым. Менің жағдайым қандай екенін түсінсеңізші! Мен кімге сенерімді білмеймін", - деп мәлімдеді Н. Васильева.

Ол сондай-ақ, қайырымдылық көрсетушілердің ақшасын қайтарып беруге дайын екенін айтты. Тек оның тынышын алмаса екен деп тілейді.

Сонымен қатар, агенттікке "Халық банкінің" баспасөз қызметінен түсініктеме келді. Онда Л.Н. Васильеваның несиесін бір меценаттар жапты деген БАҚ-да жарияланған ақпарат шындыққа жанаспайтыны айтылған. Ақша қаражаты 7 жастағы қыздың шотына келіп түспеген. "Халық банкі" қайтыс болған клиенттің сіңлісі әрі 7 жастағы қыздың асыраушысы Н.Н. Васильевадан өтініш келіп түскеннен кейін бұл несиені өшіріп тастаған.

Н. Васильева қайырымдылық көрсеткендердің ақшасы шынында да баланың жеке шотына аударылғанын растады. Ол "Халық банкінің" несиені жойғанын және келіп түскен ақша қыздың шотында ол 16 жасқа толғанға дейін жататынын хабарлады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны